ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

САЙРАМДА КӨПҚАБАТТЫ 300 ТҰРҒЫНҮЙ САЛЫНАДЫ

20:18, 16 сәуір 2018

Сайрам ауданында жер мәселесіне қатысты дау көбейген. Сансыз баптар мекенінде кейбір жер иелері... нысаналы мақсатына қарамай, жалға алған жерінің өзін... сатып жіберген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

ҚАРА ЖЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ДАУ КӨП

Аудандағы «шекесі қызған» негізгі мәселе қара жерге қатысты екенін статистикадан-ақ аңғаруға болады. 13 мыңдай азамат... «ұлтарақтай болса да өз жерім болса» деп армандайды. Өтініш жазғандардың 40 пайыздайы аудан орталығында тұрады.  

Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

Дау болып жатқаны рас. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, барлық жерлерді инвентаризациядан өткіздік. Мен ойлаймын оны аудан көлемінде шешеміз деп. 

САЙРАМДА КӨПҚАБАТТЫ 300 ТҰРҒЫНҮЙ САЛЫНАДЫ

Жерге қатысты түйткілді түбегейлі шешу үшін әкімдік көпқабатты үйлер салуды қолға алмақшы. Азаматтарды баспанамен қамту үшін аудан орталығына жақын маңнан  көпқабатты 300 үйдің құрылысы басталады. Ол үшін 180 азаматқа тиесілі 300 гектарға жуық жер мемлекет меншігіне кері қайтарылып жатыр. Бүгінде жер иелеріне ескертулер беріліп, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

Биылға инфроқұрылымына қаржы сұраймын ба деп отырмын ІІ тоқсанда. Келесі жылы инфроқұрылым басталатын болса екінші тоқсанда көпқабатты үйлерді салу жұмыстары бастатын болады. 

ІРІ ЖОБАЛАР ЖЕТІСТІГІ

Сайрам аграрлы аймақ саналғанымен, өндірістің де желкенін жел керіп тұр. Былтыр мұнда 36 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Ол - жалпы облыстағы осы салаға тиесілі қаржының 4 пайызы. Ал, өнеркәсіп өнімінің көлемі жағынан аудандар арасында сансыз баптар мекені үшінші орында тұр. Халықты жұмыспен қамту үшін биыл ауданда 6 жоба қолға алынады. 

М.  Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
12:50, 15 шілде 2018
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
12:35, 15 шілде 2018
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...