ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

САЙРАМДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

11:58, 3 қаңтар 2019

Жаңа жыл қарсаңында Сайрам ауданындағы Машат елдімекені тұрғындарына ерекше сый. Ауылда 20 мыңға жуық халықтың қарым қатынасын реттеп тұрған көпір қайта жаңарып пайдалануға берілді.

Кеңес кезеңіне куәгер бұл көпірдің тарихы бір ғасырға жуықтайды.  Талай жыл Жібек жолы ауыл округіндегі елдімекендердің қатынасын жеңілдетіп келген нысанның әбден тозығы жеткен болатын. Биыл нысанды қайта жаңғырту жобасы қолға алынып көпірге қайта жан бітті. Өткел аумағы да кеңейтіліп халыққа ыңғайлы жағдай жасалды.

Ақмарал Медеуова – Сайрам аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы

Бұл көпір неше жылдан бері жөнделмей келе жатыр еді. Биыл игі бастама қолға алынып халықты қуанышқа бөледі. Бұның барлығы елімізде жүзеге асып жатқан оң саясаттың арқасы.

Бұл көпірдің құрылысына 30 млн теңге бөлінді. Мердігерлер шаруаны  мерзімінде аяқтап көлік қатынасын қиындатпады – дейді аудан басшысы.  Сайрамда   биыл бір емес үш көпір пайдалануға беріліпті.

Бақтияр Мамаев – Сайрам ауданының әкімі

Жібек жолы ауыл әкімшілігінде Машат елдімекенінде. Сонымен бірге биыл Қарабұлақ және Ақсу ауылдарында екі көпір берілді. Бұдан бөлек келесі жылы аудан бойынша 80 көшені жөндеу жоспарда.

Сайрам ауданында өткен жылы құрылыс қарқын алды. 5 мектеп пайдалануға беріліп 84 көше күрделі жөндеуден өткен. Жол құрылысына қаралған 642 млн теңге игеріліп,  игілігін ел көрді.

 

К. ДҮЙСЕНБІ  

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
12:30, 18 шілде 2019
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...