ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

САҚТАНСАҢ, САҚТАЙДЫ!

17:18, 15 мамыр 2019

Суға шомылу маусымы жақындаған сайын төтеншеліктер мен Шымкент қаласының билігі келеңсіз жағдайдың алдын алуға кірісті. Мамандардың айтуынша, суға бату дерегі өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, әлі тіркелмеген. Бірақ, бұл қуанатын жағдай емес. Аптап ыстықтың әлі алда екенін ескерсек, айтпай келетін апаттан қатаң сақтану қажет.

Өңір құтқарушылары жұмыстарына жылдағыдан ерте кірісті.  Себебі, биыл су деңгейі жылдағыдан жоғары. Мамандар есебі бойынша, әзірге Шымкентте 8 шомылу орны бар. Қазір қосымша су көздерін түгендеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Ерғали Бахаев – Шымкент қалалық  төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Қазір қала әкімінің тапсырмасымен балаларды тегін суда жүзуге үйретіп жатырмыз. Содан кейін мынау қаладағы бассейіндерде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды суда тегін шомылдыруға тапсырма берді. Сол бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Қайғылы оқиғалар көбіне жас балалардың қараусыз қалуынан, ересектердің мас халде суға түсуінен болуда. Өңірде 98 құтқарушы жасағы бар. Бірақ, бұл 1 млн. тұрғыны бар Шымкент үшін тым аз. Әрі тиісті мамандар құтқару жұмыстарын тек суда ғана атқармайды. Тау-құздағы төтенше оқиға, апат-дүлейлерде де жұрт солардың қызметіне жүгінеді.

Орынбасар Төртбаев – Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының басшысы

Біздің мамандар күні-түшні еңбек етіп жатыр. Сондықтан оларға артылып отырған жүк те жоғары. Былтыр 4 адам өлімі тіркелген. Соның алдын алу үшін жұмысты бастап кеттік.

 Баспасөз брифингісінде мамандар мұнан өзге төтенше жағдайларды хабарлайтын арнайы мобильді қосымша туралы ақпарат берді. «Servis O» қызметін жүктеу тегін. Онда азаматтар үшін апатты, дауылды жағдайлар ескертіліп қана қоймай, алдын алу үшін не істеу керектігі де айтылады.

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...