ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

САҚТЫҚ ПЕН ТАЗАЛЫҚ БАСТЫ ОРЫНДА

18:09, 3 шілде 2020

Қалада каронавирусқа қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Күн санап ауруға шалдыққандар қатары артқан сайын халық арасында да каринтин талаптарына мойын ұсынғандар қатары артып келеді. Десекте сақтыққа әліде болса селсоқ қарайтындар бар.

Бұл Қаратау ауданы  Асар мөлтекауданындағы дүкендердің бірі. Мұндағы дезинфекциялық кілімше мен санитайзердің сапасыздығы былай тұрсын сатушының өзі маскасын иекке іліп жалаң қолмен сауданы қыздырып тұр. 

Ал келесі нысан Асардағы сыраханалардың бірі. Ондағылардыңда  сақтыққа селсоқ қарайтыны көрініп тұр. Нысанның есігі ашық тұрғанмен келушілерді қабылдамаймыз –дейді сатушы. Айтуынша сырақұмарларға ашшы суды жеткізіп беретін көрінеді.  

Баян Аманбаева – сатушы

Біз клиент қабылдап отырған жоқпыз. Тек тапсырыспен жеткізіп береміз.

Дезинфекциялық жұмыстарды аудан әкімдеріде жіті назарға алып отыр. Мәселен Әл-Фараби ауданындағы орталық көшелер жиі тазаланады екен. Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша санитарлық жұмыстар ауданның барлық көшелері мен аулаларында жүргізілген.

Ғабит Мәуленқұлов – Әл-Фараби ауданының әкімі

Аудан бойынша бізде 672 көпқабатты тұрғын үй бар. 15153 жеке сектор бар. Көпқабатты секторлар 3 күнде бір дизинфекцияланып тұрады. Ең негізгі орталықтағы 70 көше жиі  тазаланып тұрады.

Бұдан бөлек ауданда каронавирус қауіпімен  164 аула оқшауланған. Қауіпті аймақтар күніне бір рет залалсыздандырылады.  Орта есеппен кейбір аулаларға 3 күнде бір рет дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

К. Дүйсенбі          

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...