ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

13:26, 26 наурыз 2020

Шымкентте сақтық шаралары күшейтіліп жатыр. Қалаға кіріп-шығатын жолдарға блок-бекеттер қойылды. Ал қауіпті вирус анықталған екі азамат жұқпалы аурулар ауруханасында. Онымен қатынаста болған адамдар карантинге жатқызылған. Нұр-Сұлтаннан бес күн бұрын келген бұл науқастың тұратын ауылы да толық оқшауланды. Және де автобуста бірге келген 16 адамның 6-уы табылды. Қалған 10-ы іздестірілуде. Шымқаладағы сақтық шараларын тілшіміз жеткізеді.

Гүлсанат Қалмырзақызы – тілші

Біз қазір Ақжар пост бекетінде тұрмыз. Дәл осы трасса арқылы Шымкент шекарасына Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарының тұрғындары қарым-қатынас жасайды. Мұнда ішкі істер және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері күні-түні тынбай еңбек етуде. Олар азаматтардың дене қызуын бір-бірлеп тексеріп жатыр. Айта кетейік, егер жолаушылардың ыстығы 37 градустан асса, науқасты жедел-жәрдлем көлігімен жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізеді.

Қаладағы қазіргі ахуал қалыпты. Дегенмен, арқаны кеңге салуға болмайды. Шаһарды 5 бірдей ауданмен байланыстыратын халықаралық Ташкент-Алматы трассасындағы жолаушылар барынша сақтық шараларын сақтауда. Тек әттеген-айы: кейбір азаматтар Шымкентте карантин екенін біле тұра, бетперде тақпаған.

Жалпы Шымкентке кіріп-шығатын 12 блок-бекет орнатылды. Полицейлердің сөзінше, қалаға кіреберісте әр көлік тоқтатылып, ішіндегі жолаушылар туралы мәлімет қағазға түсірілуі тиіс болған. Бірақ бұл процедура ұзақ уақыт алып, салдарынан ұзын-сонар кептеліс орнаған. Сөйтіп жолаушылар айғайға басқан соң, бұл ойдан бас тартқан сияқты. Қазір жеңіл ғана бір тексеріп, барлығын кіргізіп жатыр.

Осылай тексеріп кіргізген дұрыс қой. Кім біледі. Қандай жағдай болатынын...

Қала сырты қарбалас болғанмен, шаһар көшелерінде дүрлігу жоқ. Шымкентте қазір коронавирус жұқтырған 2 азамат тіркелген. Ал 19-ынан бері карантинге алынған Нұр-Сұлтан мен Алматыдан шымкенттіктердің ағылып келгенін ескерсек, бұл көрсеткіш көбеюі мүмкін деген күдік бар.
Г. Қалмырзақызы        

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...