ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

18:14, 13 наурыз 2019

Еліміз қытымыр қыстан аман шыққанымен, жылыту маусымы аяқталған жоқ. Сондықтан көмір қышқыл газынан уланудың алдын алу шаралары әлі де жалғасуда. Шардара аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №15 өрт сөндіру бекетінің мамандары бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндағы мақсат –сақтансаң сақтайды деген қағиданы тұрғындардың есіне салу.

2018-2019 жылдың қысқы маусымында Шардара ауданында көмір қышқыл газынан улану  бойынша бірде бір оқиға орын алмаған.Әйтсе де, облыс көлемінде болып жатқан қайғылы жағдайларға  Шардара аудандық  төтенше жағдайлар бөлімі қол қусырып қарап отыра алмады. Мамандар қала мен ауылдарды аралап, әрбір үйге кіріп, жадынамалар тарқатып шықты. Тұрғындардан балаларды үйде жалғыз қалдырмауды ескертті. Жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану жөнінде нұсқаулықтар берді.

Қанат Сәтбаев – Шардара аудандық ТЖБ бастығы

Алдын алу бойынша Шардара ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен Шардара қаласы мен ауылдық елдімекендер аумағында 6800 тұрғынүйге ескертпе жадынамалары таратылып, жылыту құрылғыларының ахуалы тексерілді, ескертпелер берілді.  

Профилактикалық шара барысында мемлекеттік мекемелер де назардан тыс қалмады. Әсіресе, балалардың қауіпсіздігіне баса көңіл бөлінді. Түсіндіру жұмыстары "Балапан" бөбекжайында да сақтық шаралары жүргізілді.Бүгінгі таңда Шардара аудандық өрт сөндіру гарнизонында 57 маман еңбек етеді. Олар кез – келген айтып келмейтін апатты ауыздықтауға сақадай саймыз,-деп отыр.

 

А.Ізтай                                                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...