ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН САҚТАҒЫСЫ КЕЛМЕЙТІНДЕР КӨП

20:42, 14 мамыр 2020

Пандемияға байланысты елде төтенше жағдай режимі тоқтатылғанымен карантин талаптары сақталды. Алайда қала тұрғындарының біршамасы сақтық шараларына немқұрайлы қарап отыр. Бұл Қаратау ауданында жүргізілген рейд нәтижесінде белгілі болды. Тұрғын үй алаптары мен кәсіпкерлік нысандарын аралаған белсенді топ өкілдері түрлі оқиғаның куәгері болды. Сюжет қараңыз.


Бұл жағдай тексерістен туындаған текетірес. Дүкендегі сатушы мен сатып алушыда медициналық маскасын тақпай жәйбарақат саудаласып тұрғаны көзге анық көрініп тұр. Нәтижесінде қос тарапта түсініспеушілік орын алды. Мемлекеттік бас санитардың қаулыда көрсетілген талаптарын сақтау баршаға ортақ міндет екені белгілі. Оны біле тұра тіпті дүкеннен шығыңыз деп сес көрсеткендер де табылды. Бұдан бөлек аулада серуен құрған жастар мен егде тартқан азаматтарда медициналық бетпердесіз көшеде жүр. Тоқтатып, ескерту жасағаннан кейін ғана сөмкесі мен қалтасынан маска шығарып тағып алуда. Жоқтары артына қарамай қаша жөнелуде. Алайда, арамызда өз денсаулығымыздың кепілі жеке бас тазалығында, қорғаныш құралдарына мән беруімізде дегендер де бар.
Жәудір Көлбаева - Шымкент қаласының тұрғыны
Рейдті қаратау ауданы әкімдігі мен төтенше жағдайлар департаменті және полицейлер бірлесіп атқарды. Барлық тұлғаларға ауызша ескерту жасап, шектелді.
Марат Тәжібаев - Шымкент қалалық, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары
Қорыта келгенде коронавирустің таралмауына, оның етек жайып белең алмауымен әркім өзін оқшаулап күресе алады. Осыны ескерген жауаптылар тағы бір рет тұрғындардың есіне салды.  

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...