ШҰҒЫЛ! ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ Толығырақ

САЛҒЫРТТЫҚ КЕШІРІЛМЕЙДІ!

14:43, 22 мамыр 2020

Мамыр айы басталысымен –ақ оңтүстікте күн райы күрт ысып, көпшілік табиғат аясына асыға бастайды. Серуен кезіндегі кейбір ағат істер орны толмас өкініштерге әкеліп жататыны жасырын емес. Бұл - суға шомылу мен дала өртінен сақтану шараларын сақтамаудан болатын жағдай. Осыған орай, Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері өз дайындықтарын пысықтаумен қатар түрлі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қандай да бір төтенше жағдай орын алған кезде алдымен   сала  мамандарының  дайындығы мықты болу керек. Ал бұл тұрғыда Ордабасы аудандық  төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері өз міндеттерін қашан да абыроймен атқарып келеді. Өйткені, тәулік бойы қызмет атқаратын мекеме мамандары кез келген уақытта өз қызметтеріне әзір.
Мақсат Білтебаев  Ордабасы аудандық  № 8 өрт сөндіру бөлімінің басшысы
Ия, апат  айтып келмейді. Алайда  апаттың да, төтенше жағдайдың да алдын алуға  мүмкіндік бар. Ол үшін тұрғындар тиісті сала мамандарының ескертулері мен талаптарын ескеруі тиіс.  Алайда, көп жағдайда оған салғырт қарайтынымыз  ащы шындық. Дегенмен, сала мамандары  бұл тұрғыда лайықты жұмыстар атқаруда.
Нұрсұлтан Қалқаман Ордабасы аудандық ТЖБ аға инженері
Биыл жауын- шашын  көп болғандықтан табиғи шөптің де  шығымы  мол.  Өз кезегінде бұл дала өртінің  қаупін арттыратыны белгілі.  Сондықтан сала мамандары қазір мемлекеттік орман аумақтары мен егіс алқаптаның  жиектерінен арнайы жолақ салу жұмыстарына да бақылау  жүргізуде.
Жомарт Қоспанов Ордабасы аудандық ТЖБ бастығы
Жалпы алғанда, Ордабасы аудандық төтенше жағдайлар бөлімі  мамандарының өз қызметтеріне деген дайындығы  өте жоғары деңгейде. Олар үшін барлық жағдайлар жасалған. Сондай –ақ,   материалдық – техникалық  базасы да үнемі жаңа  техникалармен толығып тұратынға ұқсайды. Бұл- тиянақты жұмыстардың кепілі.
М. Атабек

Тақырып бойынша материалдар

10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
19:50, 3 маусым 2020
10 МЫҢНАН АСТАМ ТҮЛЕК ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
19:42, 3 маусым 2020
АБАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
13:20, 1 маусым 2020
ПЕДАГОГ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНДІ
Толығырақ...
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...