ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

САМАРҚАНД ШАҺАРЫНА САЯХАТ

12:27, 1 қазан 2019

Қарттар күніне орай Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев бір топ зиялы қауым өкілдеріне құрмет көрсетті. Аймақтағы 45-ке жуық қариялар мен ақ жаулықты аналар Өзбекстан Республикасының Самарқанд шаһарына саяхат жасады.

 

Қазығұрттық ардагерлер   тұрғындарының саны мен көлемі жөнінен Өзбекстандағы екінші үлкен қала саналатын –Самарқанның ең көрікті орындардың бірі Регистан қалашығында болды. Онда Ұлықбек, Шері-Дар, Тіллә Қари медреселері орналасқан. Медресенің үшеуі де әр түрлі мезгілде тұрғызылған. Өскелең ұрпаққа ата-баба мұрасы ретінде жеткізілген сәулетті ғимараттарға аялдады.

Төле Ағабеков - Еңбек ері

Самарқандқа келіп саяхат жасадық. Тарихи орындарға зиярат етіп, әсем жерлерді араладық. Көңілімізден шықты.

Самарқанд – көркіне көз тоймастай сұлу қала. Әлемге атағы шыққан небір философтар мен ақындар: «Әлемнің Айнасы», «Көңілдің бағы», «Шығыстың жауһары», «Жер Дидары» секілді түрлі теңеулер арнағанымен, қаланың әдемілігін жеткізуге ешбір сөздің құдіреті жетпейді. Барлық  әсемдігін көзбен көріп қана ләззат ала аласыз»,- дейді Аманбай Омаров.  

Аманбай Омаров  - Қазығұрт аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Тарихи орындарды көріп, өткенге көз жүгірттік. Керемет демалыс болды. Осындай мүмкіндік сыйлаған аудан басшылығына алғысымыз шексіз.

 Әмір Темірдің немересі Ұлықбек соққан атақты обсерватория да Самарқанд маңында болған екен. Дөңгелек пішіндес үш қабаты ғимаратта Ұлықбек өз шәкірттерімен астрономиялық зерттеулер жүргізген деседі.

Бахром Сабитов - ұстаз

Екі күннен бері қазығұрттық қариялар Өзбекстанның көрікті жерлерін аралап жатыр. Барынша жан-жақты таныстыруға тырыстық.

Туристерге арналған саяхаттар көбіне Самарқандта өткізіледі. Жүзден аса ұлт өкілдерін бір шаңырақтың астында жинаған шаһардағы халық саны   500 мыңнан асады. Самарқанд бұдан өзге де көптеген кесенелер мен мазарларымен танымал екендігіне аудан қариялары көз жеткізді.

  Ә. Дәулетбекқызы                                                             

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар