ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

САМБОДАН ІІ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

14:17, 8 қараша 2018

ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Отырар ауданының Құрметті азаматы, «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Құралбай Орынбасардың жүлдесі үшін самбодан ІІ облыстық турнир басталды. Боз кілемде шашасына шаң жұқтырмаған балуандарды тәрбиелеген жаттықтырушыға туған жерінде құрмет көрсетілді. Тек самбо ғана емес қазақ күресінің жанашыры болған спортшының жүлдесіне арналған облыстық турнир осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр.

Сайыс 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Турнирге Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Ордабасы, Сарыағаш, Шардара, Төлеби аудандарынан келген спортшы балуандар қатысып, бақтарын сынауда.

Құралбай Орынбасар - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы

  • Бұл жарыс жылда өтетін жарыс. Жарысымыздың мақсаты – аудан облыс көлемінде самбо күресін насихаттау болып отыр. Және дені сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатынды ұйымдастырылуда. 2003-2004 ішніде жасөспірім балдар спортпен шұғылданып, оның ішінде осы самбо күресінен дүбірлеген жарыс болып жатыр. Турнирге ауданымыздан, облысымыздан бырталай команда келіп қосылды. Жалпы, 124 спортшы белдесіп жатыр. Ол, үлкен көрсеткіш.

Қазақ спортын әлемге танытып жүрген балуандар  күн санап артып келеді.   Соның ішінде Отырар ауданы спортының дамуында өзіндік орны бар Құралбай Орынбасар, Сабыржан Әбілдаұлы, Әлімжан Райымжанұлы мен  Қанат Нұров сынды даңқты балуандардың есімін мақтанышпен айтуға болады. Балуандардың бүгінгі жеткен жетістігі ұстаздарының төккен маңдай терінің арқасы екені даусыз. Шара барысында аудан әкімі Ерлан Айтаханов  елімізде қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін Нышанбек Данышпанұлына Шымкент қалалық "Қазақ күресі" федерациясы қоғамдық бірлестігінің "Намыс Найзагері" төсбелгісін табыстады.

Байрақты бәсеке екі күнге жалғаспақ. Турнир қорытындысы бойынша  сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және естелік медальдармен марапатталатын болады.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                         

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...