ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП БАРШАҒА ОРТАҚ

15:52, 30 маусым 2020

Карантинге байланысты құрылған мониторинг топ кәсіпкерліктің әлеуетіне қарамайды. Тәртіп баршаға ортақ. Қарапайым қағиданы сақтамағандар жауапқа тартылады. Бұл жолы Шымкент қаласы Қаратау аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлері бас болған топ Сайрам тұрғын алабын аралады.

Мониторинг топ алабтағы кәсіпкерлік нысандарға ескертусіз барды. Сондықтан болар Шымкенттің шалғайындағы ағайын мамандарды көргенде біраз абдырап қалды. Бүгінгі тексеру барысында   40 кәсіпкерлік нысаннның санитарлық жағдайы сараланды. Нәтижесінде   3 дүкеннің иесіне хаттама толтырылды.Каронавирус қауіпі күшейген сайын мамандар сақтық шараларын күшейтуде. Басты мақсат жұқпалы індеттің таралуына жол бермеу. Айтқандай санитарлық талаптарды орындамаған  Сайрам түрғын алабындағы «Нұр-сайрам» базарының жұмысы бір айға тоқтатылып жатыр.  Осы аптада сот шешімі  жүзеге асады.

Айнұр Пернеева – Шымкент қаласы Қаратау  аудандық  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары

Мониторинг жүргізу барысында ескерту жасалған хабарлама таратылған. Алайда хабарлама таратылған күндеде жеке кәсіпкерлер бетпердесіз  бір реттік қолғапсыз жүр. Хаттама толтырылды ол құжаттарды сотқа өткіземіз. Нұр сайрам базары санитарлық талаптарды сақтамағандықтан бір айға жабылды.

Сайрам түрғын алабында 40 мыңнан астам халық бар. Оларға 162 азық-түлік дүкені мен 2 базар, 4 ірі сауда орталығы қызмет көрсетеді. Санитариялық дәрігерлер барлық кәсіпкерлік нысан иелеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізген. Десекте саудагерлер санитарлық талаптарға селсоқ қарап отыр.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ
16:57, 16 шілде 2020
НАУҚАСТАР САНЫНЫҢ АЗАЮЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАР ЖАБЫ...
Толығырақ...
ДӘРІХАНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР САНЫ АЗАЙҒАН
16:56, 16 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР АЛДЫНДАҒЫ КЕЗЕК КҮТКЕНДЕР САНЫ АЗАЙҒАН
Толығырақ...
ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...