ШҰҒЫЛ! «ТОРТИЛЛА» ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЗООБАҒЫ ЖАБЫЛАДЫ Толығырақ

САПАЛЫ ТАУАРҒА СҰРАНЫС КӨП

16:49, 14 қаңтар 2020

Отандық өнімдердің сапасын арттыру қажет. Сонда ғана тауарға сыртқы нарықта да сұраныс артады. Осы мәселе төңірегінде Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіпкерлері бас қосып, ой бөлісті.

Қытайға жеткізілетін өнімдер сол мемлекеттің стандарттарына сәйкес келуі керек. Міндетті сертификаттаудан, тексеру мен тіркеуден өтуі шарт. Ал Иранда өнімді өкізу үшін халал екенін растау қажет. Жиында осы сынды кәсіпкерлер үшін аса қажетті мағлұматтар беріліп, алдағы жоспарлар   талқыланды.

Сәкен Бейсеев – «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры

-Біз 2011 жылы сәуір айында стандарттау бойынша заң қабылдадық. Оның негізгі мақсаты Қазақстан кәсіпкерлеріне кедергіні азайту. Екінші қадам кәсіпкерлердің өнімдерін сыртқа шығару бойынша жұмыс істеп жатырмыз.

Қазақстандық тауар өндірушілер Еуразиялық Одаққа мүше мемлекеттермен еркін сауда айналымына шыға алады. Ал, Орталық Азия мемлекеттерімен байланыс орнату үшін  арнайы мекеме келісім орнататын болады.

Сәкен Бейсеев – «ҚазСтИн» РМК Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры

-Қазақстан мен сол мемлекет арасында келісім болуы керек. Біз ұлттық станрдарттау органы болып саналдық қазір. Біздің мемлекеттің стандарттау органы мен сол мемлекеттің органы арасында келісім болуы тиіс. Болмай қалған жағдайда біз  сол мемлекетке шығып, жұмыс істейміз.

Экспорттаушылардың құқығын қорғап, табысын еселеуге құлықты орган алдағы уақытта да тараптардың барлық іс-әрекетіне жауапты болмақ.

Р.Бақытжанқызы                                          


 

Тақырып бойынша материалдар

ОРДАБАСЫ»  ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУДА
19:12, 24 қаңтар 2020
ОРДАБАСЫ» ЖАҢА МАУСЫМДАҒЫ ДАЙЫНДЫҒЫН АНТАЛИЯ ДА ЖАЛҒАСТЫРУД...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар