ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

Саз мектебі оқу жылын сәтті аяқтады

23:09, 25 мамыр 2018

Созақтағы өнер мектебі де... кезекті оқу жылын сәтті аяқтады. 45 жылдық тарихы бар ұя... ұлт руханиятының діңгегін берік етіп, төл өнерімізді өрістетуде... ерекше үлес қосып келеді. Ендігі бейнематериалға - Созақ балалар саз мектебі арқау.

Ахмет Жұбанов атындағы Созақ аудандық балалар саз мектебі 1973 жылы іргетасы қаланған. Содан бері талай шәкірт білім алып, биік мінберлерден көрінді. Облыстық, республикалық, тіпті, халықаралық байқауларда аудан абыройын асырды. Оқушылар сабақтан тыс уақытта түрлі үйірмелерге қатысады. Мектеп... бүгінде 249 баланы тәрбиелеп келеді. 

Соңғы қоңырауда 5 жыл бойы музыкалық сауаттарын арттырған балалар... салтанатты түрде куәлік алды. Оқу жылы барысында жетістікке жеткен мұғалімдер мен оқушылар түрлі марапаттарға ие болды. Солардың бірі - домбыра бөлімін үздік бітірген Ақерке Әли.

«Қасиетті қара домбыраның қадірін ұғынып, ата дәстүрімізді ұмытпау... рухани жаңғыруымыздың бастауы» - дейді, ата-аналар. Олар ауданда осындай мектептің барына дән риза.  

Саз мектебі Сүгір Әлиұлы, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаров сынды атақты күйшілермен мақтанады. Осы буынның ізін жалғайтын дарындыларды тәрбиелей бермек ниетте.  

Мадина Әсембек                                                     

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...