ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

СӘБИЛЕРДІ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛДЫ

14:08, 4 қыркүйек 2019

Елімізде сәбилерді туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтатылды. Қыркүйек айының үшінен бастап барлық перзентхаларда БЦЖ екпесі салынбайды. Бұлай болуына аталған вакцинацияны өндіруші компанияның өз өнімін кері қайтарып алуы себеп болыпты. Ал өнімнің кері қайтуына вакцина құрамынан қандайда бір ерітіндінің табылуы қатысты болған көрінеді. Бұл туралы Түркістанда өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлім болды.

Негізінде біздің елге туберкулезге қарсы вакцина бұған дейін Жапониядан жеткізіліп келген. Аталған елдің өнімі жыл басынан бері туылған сәбилерге салынды. Бірақ, өткен айдың соңында арнайы тексеру жүргізген жапондық мамандар дәрілік препараттың сұйықтығынан қандайда бір ерітіндінің араласқанын аңғарады. Сөйтіп, өзі өнім таратқан 35 елден вакцинаны кері қайтару туралы шешім шығарады.

Алдарқұл Ахметов – Түркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары

Туберкулезге қарсы вакцинациялау Қазақстанға байланысты емес себептермен қалыптасқан жағдайды назарға алуларыңызды сұарймыз. Қалыптасқан жағдайды ескере отырып ҚР ДСМ қауіпсіз және тиімді вакцинамен қамту үшін жан-жақты шараларды қолданып жатыр.

Аталған мәселенің орын алуына байланысты енді жаңа туылған сәбилерді перзентханадан шығару тәртібі қатаңдайды. Яғни, енді отбасына нәрте келген жанұя мүшелері толық медицналық тексеруден өткенен кейін ғана сәби анасымен бірге үйіне шығарылады. Ол туралы бүгінде барлық медициналық мекемелерге хабарламалар берілген.

Гүлзада Алтынбекова – Түркістан облысының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас иммунологы

Осы отбасы мүшелерінің бәрін амбулаториялық деңгейде тексеруден өткізіп олардың флюрографиядан басқада тексеруден өткізіп анықтамасын апарған жағдайда ғана перзентханадан шығарылады. Және одан ары қарайда ол тоқтатылмайды. Сол қашан вакцинаны толық қамтығанша телімдік дәрігердің қадағалауында болады.     

М. Жарылқасын                                                                   

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...