ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

СЕНАТ КИНЕМАТОГРАФИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

19:59, 6 желтоқсан 2018

Сенат «Кинематография туралы» заңды қабылдады. Бұған дейін елімізде бұл салаға қатысты құжат болмаған. «Мәдениет туралы» заңда фильмдердегі ұлттық тіл, прокат сияқты кино қатынастарды реттейтін алты бап қана болған. Жаңа құжатқа сәйкес ұлттық киноны қолдау орталығы құрылады. Қазақфильм кино өндіруші компания ретінде өзінің негізгі қызметімен айналысып, кинофабрика жұмыс істейді.

Кино өнер ме, бизнес пе? Не де болса ол ең алдымен халықтың мүддесіне, ұлт мұратына қызмет етуі керек.  "Ал қазіргі киноның сапасы көңіл көншітпейді",- дейді депутаттар. Соңғы кездері кино түсіру еріккенің ермегіне, науқаншылдыққа айналып кеткен сыңайлы.

СӘРСЕНБАЙ ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ

Осы фильмдерде тіл тазалығы жоқ. Мысалы Шәмші 60-жылдары баласымен әңгіме айта отырып, орыс тіліне ауысып кетеді. Барлық фильмдер осыған көшып бара жатыр.

Олқылықтың орнын жою үшін жаңа құжатқа сәйкес киноның сценарийін қарайтын, талдайтын  кеңес құрылады. Үкімет жанынан ведомствоаралық комиссияның сараптамасынан өтеді.   2017 жылы көрерменге 263 шетелдік, 26 ұлттық және 15 ресейлік фильм ұсынылған. Бұл  кинопрокаттың ресми статистикасы. Жалпы Қазақстанда тұрғындардың жартысына жуығы ауылда тұрады. Ал онда кинотеатр атымен жоқ.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
21:50, 18 қаңтар 2019
АЗАМАТТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫ БАСТЫ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
15:03, 16 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛА ҰРПАҚТАРЫ МАҚАЛА МӘНІНЕ ҮҢІЛДІ
Толығырақ...
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
19:30, 14 қаңтар 2019
АБАЙ АУДАНЫНДА АТҚАРЫЛАР ЖҰМЫС ЖЕТЕРЛІК
Толығырақ...