ШҰҒЫЛ! ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН ЖАН ҮЙСІЗ ЖҮР Толығырақ

Сенатор «Түркі әлемінің мәдени астанасы» - Түркістанда

14:01, 17 шілде 2017

Парламент Сенатының депутаты Әли Бектаев Түркістан және Кентау қалаларына барды. Жергілікті халықпен кездесіп, олардың өзекті мәселелеріне қанықты. Сондай-ақ, ел басшысы қабылдаған маңызды шешімдер мен жобаларды таныстырды. Қоғамды алға сүйреп, әлеуметтік жағдайды түзеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың маңыздылығына тоқталды.

Киелі мекендегі жиында Түркістан халқының атынан қариялары сөз сөйледі. Олар рухани орданың «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген абыройын асқақтату үшін  туристік әлеуетін көтеру керек дегенді айтты. Сондай-ақ, қоғамның өзекті мәселесіне айналған жастар тәрбиесі мен отбасының бұзылуы да сөз болды.

Осылайша, түркістандықтарды толғандырған мәселелерге қаныққан депутат сапарын Кентау қаласында жалғастырды.

Онда қала активімен кездесіп, шағын шаһардың әлеуметтік-экономикалық даму динамикасымен танысты. Елбасы екшеген міндеттердің қаладағы атқарылу барысын бағамдады.

Шара соңында сенатор моноқала тұрғындары айтқан өтініш-тілектерді де тыңдады. Мүмкіндігінше оларды қараусыз қалдырмай, түйінін тарқатуға уәде етті. Салмақты сараптама, тұшымды ойымен халыққа бір табан жақындай түскен Әли Бектаевқа жергілікті тұрғындар алғыстарын білдірді.

АЙЖАН Әшірхан                                                      

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17:36, 25 сәуір 2018
ЖЕТІСАЙДА ЗАМАНАУИ САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
16:14, 19 сәуір 2018
ЗООБАҚҚА КІРУ ҚҰНЫНЫҢ НЕ СЕБЕПТІ ҚЫМБАТТАҒАНЫН АЙТТЫ
Толығырақ...
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ  ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
18:02, 20 сәуір 2018
«АЙБЫН» ОБЛЫСТЫҚ ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖИЫНЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ
Толығырақ...