ШҰҒЫЛ! ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН ТЕКСЕРДІ Толығырақ

СЕРІКЖАН СЕЙТЖАНОВ КОРОНОВИРУСҚА ҚАРСЫ 100 МИЛЛИОН БӨЛДІ

12:59, 26 наурыз 2020

Әлемнің 155 мемлекетіне тараған короновирусты ауыздықтауға өңір кәсіпкерлері де үлес қоспақ. Белгілі мұнай магнаты, меценат Серікжан Сейтжанов еліміздің осындай қиын қыстау кезеңінде қарап отыруды жөн көрмеген. Өз кәсібінің табысы есебінен 100 млн теңгені арнайы қорға аударды.

Серікжан Сейтжанов – «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті

-Біздің компанияның атынан 100 млн материалдық қолдау үшін біз де береміз.

Кәсіпкердің қаражаты біріңғай корпоративтік әлеуметтік даму қорына түседі. Бұл қаржы короновирустың алдын алуға бағытталған қажетті заттарға жұмсалады. Сонымен қатар, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бетперде мен антисептиктер сондай-ақ азық-түлік те таратылатын болады.

Серікжан Сейтжанов – «Саутс Ойл» ЖШС мұнай компаниясының президенті

-Еліміздегі короновирус деген үлкен жағдайға, сол Елбасының тапсырмасын орындаймыз. Өйткені, азын-аулақ уақыттың өзінде осы біздің мекемеміздің жеткен жетістіктерін сіздер мен біздер біледі деп ойлаймын. Өйткені біздің компанияның өзі көп салалы. Жалғыз мұнай-газ саласы емес, цемент бар. Халықтың әл-ауқатын жақсарту, осы ауыртпалықты көтеруде біздің де үлесіміз болады деп мен сіздерге айта аламын.

Серікжан Сейітжанов басқаратын компания көп салалы. Алда өзі басшылық ететін медициналық академияда  емдеу ісі сынды факультетті ашып, көп салалы клиника ашуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде медицинадан бөлек білім беру, өндіріс саласын басқарған кәсіпкердің қарамағында 10 мың 500 қызметкері бар. Цемент өңдеуде Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, 800 маркасын нарыққа шығарған. Барлық қызметкерлеріне ай сайынғы жалақысын беріп, тиісті жағдайларын жасап отыр. Ал, «Корпарация Ақ Ордасы» тұрғынүй құрылысы саласында жетекші мекеме. Қарамағында 380 қызметкер бар  ЖШС аталған қорға 2 млн теңге бөлетінін жеткізді.

Садулла Қалыбеков - «Ақ Ордасы Корпарация» ЖШС Басдиректоры

-Біздің компаниямыз 2 млн теңгедей өзіміз қаржылай үлесімізді қосамыз. Ешқандай жұмысшыларды қысқарту, олардың жалақысын қысқарту бізде ондай нәрсе жоқ. Жұмыспен қамтамасыз етілген. Короновирусқа байланысты барлық жағдай жасалған. Мен ойлаймын тура осылай барлығымыз ат салыссақ, Қазақстан халқымен бірге боламыз дегеннің өзі жетеді. 

Айта кетейік, әлемді жайлаған індетке байланысты мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаевтің жасаған үндеуіне бұл жергілікті кәсіпкерлердің қолдау білдіруі болатын.

Рабиға Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
09:53, 4 сәуір 2020
КҮДІКТІЛЕР КОРОНАВИРУСТЫ АНЫҚТАЙТЫН СЫНАМА ТЕСТТЕН ӨТТІ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
18:54, 3 сәуір 2020
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛГЕ ЖӘРДЕМ БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН  COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
17:16, 1 сәуір 2020
51 ЖАСАР ШЫМКЕНТТІКТЕН COVID-19 БЕЛГІСІ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
 4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
09:55, 3 сәуір 2020
4 СӘУІР КҮНІ ШЫМКЕНТТЕ САҒАТ 21:00-ДЕ КАРАНТИН ЖАРИЯЛАНАДЫ
Толығырақ...