ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ШАҺАР БАСШЫСЫ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

19:26, 5 қыркүйек 2019

Шаһар басшысы Ерлан Айтаханов «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Шымкент қалалық филиалының тынысымен танысты. Өзі төрағалық ететін ұжымға бағыт бағдар беріп алдағы атқарылар шаруаларды пысықтады. Тақырыпты тілші тарқатады.

Мегаполистің  милионнан  асқан халқының  35 пайызын  этнос өкілдері құрайды. Тағдыр тауқыметімен Шымкентте тұрақ тапқан ұлт пен ұлыстар аймақтың дамуына өз үлестерін қосып келеді.  Қала әкімі көпті ынтымақ – бірлікке шақыра келе  президент жолдауында айтылған бағыттарға тоқталды. Соның ішінде ұлттарды құраушы мемлекеттің төл тілінің маңыздылығына тоқталды.

 Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

 Мемлекет басшысы жолдауында да айтып кетті мына Қазақ тілі ұлт аралық қатынас болу керек деді. Осыған орай Президентіміздің бастамасын жүзеге асыру мақсаты тұр алда. Атқарылар жұмыстар көп. Мына Шымкент шаһарымыз келесі жылы ТМД елдерінің мәдени  астанасы болып белгіленіп отыр. Соған бірлесіп көп жұмыс атқаруымыз керек.

Алғаш мінберге шыққан Ассамблея төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов  атқарылған шаруаларды баяндады. Шымкентте 100- ден аса этнос өкілдері бар. 17 этномәдени бірлестік елдің берекелі бірлігін бекемдеуге атсалысып келеді. Қалалық ассамблея жанындағы 8 қоғамдық құрылымның да тірлігі тиянақты.

 Мұратәлі Қалмұратов - «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Шымкент қаласы филиалы төрағасының орынбасары

Қаламызда мемлекетті құраушы Қазақ халқы мен  осы жерде тұратын өзге этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға мүмкіндіктер жасалған. Осы бағытта қаламыздағы 130 мектептің 50-і қазақ екеуі орыс 4-і өзбек тілінде білім берсе 75 мектепте орыс өзбек сыныптары бар. 

Жиын жанды әңгімемен жалғасты. Көкейдегі мәселелер бірге талқыланды. Милиондар мекенінде жыл сайын 7-9 мың бала мектепті тамамдайды. Олардың орнына 17-18 мың бала алтын ұя табалдырығын аттайды. Мектеп тапшылығы жыл сайын артып келеді. Бұл мәселенің шешімі тапсырыс беру кезінде орын алады -дейді ассамблея жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Балқия Көмекбаева.  

Балқия Көмекбаева - «Қазақстан халқы Ассамблеясы» Шымкент қаласы филиалы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы

Білім заңында 300 балаға мемлекет тарапынан қаражат бөлінуі керек. Біз болсақ 300 балаға 200 орындық мектеп саламызда өз бюджетімізге ауыз салып жатамыз. Жаңа айтып жатыр білім сапасы өсіп келе жатыр деп. Негізі керісінше болвп жатыр.

Қала әкімі бұл мәселеге алдағы уақытта жол бермеуге тырысатынын жеткізді. Жиынды қорытындылаған Ерлан Айтаханов ынтымақтан ажырамай алдағы уақыттада Шымкентті өркендету жолында  бірлесіп  жұмыс істеуге шақырды.

К. Дүйсенбі           

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...