ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ

18:15, 23 қыркүйек 2020

Шымкентте мектеп оқушылары жаңа оқу жылын жаңа пәнмен бастады. Оқу бағдарламасына «Шахмат» арнайы пән ретінде енгізілді. Мұндағы басты мақсат – баланың зияткерлік деңгейін өсіру, ойлау қабілетін дамыту.

Қазір онлайн білім беруға байланысты шахмат теориялық тұрғыдан үйретілуде. Сабақтың өту барысы - аптасына бір сағат. Айта кету керек, бұл тек бастауыш сынып оқушылары үшін ғана. Ал, ары қарай жалғастыру оқушының  өз еркінде. 

 Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Бұдан былай, мектеп табалдырығын аттаған әр бала шахматты әліппесінен бастап толықтай меңгеретін болады.  Сондай-ақ, брифинг барысында басқарма басшысы білім беру мекемелері толықтай интернет желісіне  қосылғандығын атап өтті.

 Жанат Тәжиева – Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы

Бүгінде қаладағы барлық мектептерде «Bilim land – Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған.  Партал бойынша өтілген жалпы сабақтар саны - 4 млн. 382 мыңды құрады. Ал, оқушылардың орындаған жаттығулар саны – 30млн. 600 мың. Статистика бойынша, әр бала берілген тапсырманы 18 минутта жасаған.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...