ШҰҒЫЛ! САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР КІМГЕ БАҒЫТТАЛҒАН? Толығырақ

ШАЛҒАЙДАҒЫ АУЫЛҒА ГАЗ БАРДЫ

13:15, 3 желтоқсан 2019

Өңіріміздегі ең шалғай орналасқан Шардара ауданында елді мекендерді газдандыру ісі жүйелі жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде орталықтан жырақта жатқан 5 бірдей ауыл жыл соңына дейін көгілдір отынға қосылмақ. Осылайша шағалалы өңірде Жолдауда айтылған әлеуеметтің әлеуетін көтеру мәселесі оңды шешімін тауып отыр.

 Аудан орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан «Достық» елдімекенінің тұрғындары мәз-мейрам. Әсіресе ауыл келіндері от жағып, күл шығару машахатынан құтылғалы тұр. Өткен жылы мемлекет тарапынан бөлінген 180 млн теңгеге газ құбыры әр үйдің ауласына жеткізілген. Енді ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ауылдың бағына қарай ішкі жұмыстың бағасыда халыққа тиімді болып тұр –дейді тұрғындар.   «Каз Монтаж Ком» ЖШС –і көппен кеңесіп, жұмысты қыздырып тұр.

 Даулет Исмайлов – «Каз Монтаж Ком» ЖШС бас директоры 

Мына біздің мекемеміз Шардара ауданы Ақ алтын, Достық, Қызылқұм, Егізқұм, Сүткент ауылдарына газдың ішікі жүйелерін кіргізіп жатырмыз.  Бүгінгі таңға дейін 70 пайызының құжаттары дайын. Монтаждау жұмыстарыда 70 пайыздан асқан.

 «Достық» ауылында   500 ден астам түтін бар. Халық саны  3100  ге жуық. Мердігер мекеме көпбалалы отбасылар мен көмекке мұқтаж жанұяларға монтаж жұмыстарын тегін жүргізіп берген. Солардың бірі Қазиевтер отбасы.Төрт баласын жалғыз жетілдіріп отырған Зияданың   жомарттық танытқан  жандарға алғысы шексіз.

Зияда Қазиева – Шардара ауданы Достық ауылының тұрғыны

Жолдасым 2014-ші жылы қайтыс болған. 4 балам бар. Мына ауылымызға газ келіп қуанып жатырмыз. Үйімнің ішіне дейін тегін кіргізіп берді. Рахмет бәріне.

 Шардара ауданындағы ең шалғай 5 ауылда  ішкі құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Барлығын жыл соңына дейін көгілдір отынға жалғау жоспарланған. Келер жылдан бастап ауылдағы ағайын өркениет жетістігін сезінетін болады.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
19:48, 17 қаңтар 2020
ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЫҚПАЛЫМЕН 585 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
Толығырақ...
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
19:47, 17 қаңтар 2020
ПОЭЗИЯ КҮНІ ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТТІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНА АРНАЛДЫ
Толығырақ...
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
19:45, 17 қаңтар 2020
ШАПЫРАШТЫЛЫҚТАРҒА МӘДЕНИЕТ ҮЙІ КЕРЕК
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ  СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
14:01, 14 қаңтар 2020
УНИВЕРСИТЕТТЕ СТОМАТОЛОГИЯ КЛИНИКАСЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
13:39, 13 қаңтар 2020
ПАРА БЕРУГЕ ТЫРЫСҚАН ЖҮРГІЗУШІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...