ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ШАЛҚАР ШАБЫТ

14:40, 10 қазан 2019

Облыстық «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігі өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтті. Кеште мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге деген құлшынысы жоғары өнерлі жандар көпшілікке жыр мен әннен шашу шашты. Бес жылда атқарған еңбектері туралы бөлісті.

 «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі  2014 жылы  құрылған.  Бірлестікте қазір 20-дан астам мүше бар. Бірлігі жарасқан ұжым айтулы мереке қарсаңында Алматы, Ақтөбе, Атырау, Тараз, Қызылорда қалаларында концерт берген. Енді кезекті кездесу кешін  туған өлкеде өткізді.

Ермек Бакиев - «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары

Оның мақсаты – қоғамымыздағы зағип, мүгедек жандардың өнерлерін, талантын елге көрсету. Залда отырған көкрермендердің қолдауы бізге жақсы әсер етеді.

Олардың бәрі өнерге бейім. Тіпті, кеш тізгінін ұстаған Ермек Бакиев пен Мадина Ермаханова Қазақстанның тұңғыш зағип жүргізушілері ретінде еліміздің рекордтар кітабына енген. Ұжымның басқа мүшелері де ерекше дарын иелері. Бірі  өлең жазса, екіншісі қазақ ақындарының өлең-жырларын жатқа оқиды.

Перизат Үйсембаева - «Шалқар шабыт» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі

Мен шабытым келгенде өзім де өлең жазамын. Ал, ақындардан Мұқағали Мақатаевтың, Мұхтан Шахановтың, Ханбибі Есенқарақызының өлеңдерін сүйіп оқимын. Есенқарақызының өлеңдері өз өмірімді бейнелеп тұрғандай болып көрінеді. 

Мүмкіндігі шектеулі болса да өмірге деген көзқарастары ерекше жандар  көпшілікті өз өнерлерімен баурап алды.

Перизат Ортай  


 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...