Шаңырақ шаттығын сақтайтын орталық ашылды

Арыста ерлі-зайыптылардың жарасымды өміріне ұйытқы болатын мекеме ашылды. Түйткілдің түйінін шешіп, жанжалдың алдын алғысы келетіндер енді психолог іздеп, әуре-сарсаңға түспейді. Қала орталығындағы «Әлеуметтік психологиялық сүйемеледеу» орталығы құқықтық-психологиялық көмек көрсетуге әзір.

15:52, 11 тамыз 2017   181

      Иә, бұл орталықта тек психолог қана емес, теолог, заңгер және әлеуметтік қызметкерлер арыстық отбасылардың бақытты ғұмыры үшін жұмыс істейді. Түтіні қисайған кез-келген ерлі-зайыпты мұнда келіп, заңды көмекке сүйене алады. Психолог кеңесін тыңдап, әлеуметтік қызметшілерге арқа сүйемек.

МҰРАТ ҚАДЫРБЕК - АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

  • Өз мүмкіндігімізге қарай осы орталықты аштық. Мұның құрамында халыққа заңды көмек беретін, консультация беретін орталық. Халыққа заңдық, психологиялық кеңес керек болған кезде осы жердегілер қызмет көрсетеді деп ойлаймын.

      Жуырда ғана Арыс қаласында ҚР-ның бас прокуратурасының бастамасымен «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жобасының тұсауы кесілген еді. Сол кезде-ақ осындай орталық ашылатынын айтқан ҚР-ның Бас прокурорының аға көмекшісі Салтанат Тұрсынбекова бұл жолы да жүзеге асқан жобаға жылы қабақ танытып, арнайы келді.

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА – ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА КӨМЕКШІСІ

  • Бұл – келеңсіздіктердің алдын алады. Ал, біздің тараптан орталыққа қойылатын талап – тек кабинеттер отырмай, әкім, мектеп, полицей, дәрігерлермен бірге аудандағы отбасылардың жағдайын анықтау. Солармен жұмыс істесе екен.

      Әр өңірдегі атқарылған жұмыс барысы Ел Парламентінің қатаң қадағалауында болмақ. Әлеуметтік орталық ерлі-зайыптылармен қатар, бойдақ жастарға да бағыт-бағдар берумен айналысатын болады.

АЙЗАТ Бауыржанқызы

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасының ресми сайты

160000, Шымкент қаласы, Қазыбек би көшесі, 20 үй Байланыс телефондары: 8 (7252) 53-62-07