ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

ШАРАПХАНА, ҚАРАБАУ, ЖҰМЫСШЫ АУЫЛДАРЫНА СУ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛУДА

18:26, 12 шілде 2019

Қазығұрт ауданындағы елді мекендерді сапалы таза ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірде «Таза ауыз сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында қыруар шаруалар атқарылып жатыр. Талай жыл құдық суын пайдаланып келген тұрғындардың осылайша әлеуметтік мәселелері оң шешімін табатын болды.

Биыл Қазығұрттағы 3 ауыл құбырдан аққан таза ауыз суға қол жеткізеді. Шарапхана, Қарабау,  Жұмысшы ауылдарындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін, аудан бойынша 64 елді мекендегі 101 мың  тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Құрылыс жұмыстары басталғалы ауданның 30-ға жуық азаматы тұрақты жұмыспен қамтылды. Солардың бірі - Сейітжан Әбішев.   

 Сейітжан Әбішев  - жұмысшы

Фирма ашылғалы бері жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Айлығымыз уақытылы беріп жатыр. Авансты да уақытылы ала аламыз. Басшыларға рахметімізді айтамыз.

 Жұмысшы ауылындағы  ауыз су құбырының құрылыс жұмыстарына мемлекеттен 127 млн теңге бөлінген. Жерасты суын тартатын ұңғыма қазылып, ауыл көшелеріне  құбыр тартылды. Бұл істі «Ақ жол ЛТД» ЖШС қолға алған. Бүгінгі таңда жұмыстар аяқталуға жақын.

Мұхамеджан Отарбаев – «Ақ жол ЛТД» ЖШС учаске басшысы

Қазіргі таңда жұмыс аяқталуға жақын. Тағы екі аптаның ішінде жұмыс бітіп, ауылға су береміз. Ал, пробалық суды беріп жатырмыз шетінен. Айдың соңына таман ауыл 100% ауыз сумен қамтылады.

 

Өткен жылы аудандағы 11 елдімекенге ауыз су берілді.  2019-2024 жылдар аралығында аудан халқының 99,8 пайызы таза ауыз сумен қамтылады деген жоспар бар.  

Н. Мұхамеджанұлы                                                                   

Тақырып бойынша материалдар

«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
12:28, 18 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАПКЕРЛЕРІ АРЫС БАЛАЛАРЫН ЖАТТЫҚТЫРДЫ
Толығырақ...
АРЫСТАН  ПАВЛОДАРҒА  ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
12:21, 18 шілде 2019
АРЫСТАН ПАВЛОДАРҒА ТАҒЫ 173 ОҚУШЫ БАРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
17:59, 16 шілде 2019
4 ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ
Толығырақ...
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
14:23, 12 шілде 2019
АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ
Толығырақ...
БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...