ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ШАРДАРА АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

18:19, 9 шілде 2019

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі болып ЖОЛДЫБАЙ Қайрат Жолдыбайұлы тағайындалды.

Қайрат Жолдыбайұлы 1981 жылы 5 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара қаласында туған, білімі жоғары, біліктілігі экономист-менеджер бакалавры.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарын және ғылымды қаржыландыру бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.
2003-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік сатып алулар және жекеменшік бөлімінің жетекші маманы, ҚР Қаржы министрлігінің бірқатар Комитетінде бас маман, бас сарапшы, бөлім басшысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, Шардара ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет жасаған.
2019 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...