ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ШАРДАРА СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНДА ЕКІНШІ АГРЕГАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

12:14, 16 сәуір 2019

Халықтың ең көп тұтынатыны ол жарық. Бүгінде облысымызды электро энергиямен толық қамтамасыз етіп отырған Шадара су электро станциясы. Кеңестік дәуірден бастап халыққа жарық беріп отырған агрегат құрылғылардың тозығы жетіп бұл күні жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жаңғырту жұмыстары аясында екінші агрегат іске косылды. Күрделі құрлыс жұмыстарына Самұрық қазына қорынан 4 агрегатты жаңғырту мақсатында 38 млрд тенге бөлініп отыр.

Еліміздегі ең ірі су қоймалардың бірі- Шардара. Қазіргі таңда 2 млрд 389 млн текше метр су жиналатын алып қоймада су электростанциясы орналасқан. Станцияның технологиялық жабдығы 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келеді. Іске қосылған 52 жылдың ішінде бірінші гидроагрегат  23 млрд кило ват сағатына электро энергия қуаты өндірілген.   Шардара су электро станциясы  тозығы жеткеніне байланысты жаңғырту жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Міне бүгінгі таңда  мұнда су элетро станциясындағы төрт агрегаттың екінші агрегаты іске қосылып отыр. Жаңғырту жұмыстарын Австриялық «Анрис» гидро компаниясы жүргізіп жатыр.   

Нұрлан Аманов - бас инженер

2015 жылдан бастап жаңғырту жобасы қолға алынып,  жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2015-жыл мамыр айында 1-ші гидроагрегатымызды модернизацияға бердік, міні бүгінгі таңда, 2 гидрогенераторымыз іске қосылып, электро энергиясын өндіріп отыр. Бұның артықшылығын айтатын болсақ, бұрынғы гидроагрегатқа қарағанда қазіргі гидроагрегатымыз өзінің жоғарғы электро энергия өндіруі, бұрынғы агрегат 25 мгв болса, қазіргіміз, 31,5  мгв өндіреді.

Осы уақатқа дейін, ескі агрегаттарды адамдар қолмен басқарып отырған болса, енді жаңа агрегаттар толық автоматтандырылып, компьютер тетіктері  арқылы басқаратын боламыз дейді, - Шардара су электро станциясының басшысы Бақытбек Жаңабаев.

 Бақытбек Жаңабаев - Шардара су электр  станциясының басшысы

Жаңғырту жұмысына дейін, 100 Мгв электроқуатын өндіріп еді, модернизация біткеннен кейін, жаңғырту жұмыстары аяқталса, 126 Мгв болады.  Түркістан облысының қажеттілік өндіру  энергиясы модернезацияға дейін, 9 пайызын өндірген. Қазір, жаңғырту жұмыстары аяқталып біткеннен кейін, 15-17 пайызын қамтитын болады. Ақпан айның 29-на 2020 жылы толығымен аяқтаймыз.

Қайта құру нәтижесінде су электр станцияның қызмет ету мерзімін 35 40 жылға ұлғайту, пайдалану сенімділігін артыруға мүмкіндік туды. Одан тыс, энергия тапшылығын сезініп отырған Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде және өнірдегі су ресурсын пайдаланудың тиімділігін арттыруда жоба үлкен маңызға ие.

Нұрсұлитан   Әбдірашит                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...