ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ШАРДАРАДА БАЛЫҚ ӨСІРУ ІСІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

16:28, 16 қыркүйек 2020

Шардарада шабақтарды көбейтуді қолға алған кәсіпорын балық шаруашылығына қызығушыларға да тегін кеңестер беріп келеді.«Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі бүгінде балық өсіруді толығымен қолға алып отыр. Балық шабақтарын алудан бастап тауарлы балыққа жеткізуге дейінгі цикл жетік меңгерген.

Зауыт 2015 жылдан бастап кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында балық өсіруді қолға алған. Қазірде Шардара су қоймасында дайындалған шарбақты аймақтарда жылына 350 тоннаға дейін түрлі балықтар өсіріледі.Сонымен қатар, кәсіпорын биылғы жылдың наурызынан бастап Қызылқұм каналының бойынан жылына 40 млн дана шабақ пен 10 млн дана біржазғы балықтар өсіретін тоғандарды іске қосқан.

Бақытжан Серманизов - «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативінің басқарма басшысы.

«Біз бүгінде Шардара су қоймасының жанынан жобалық қуаттылығы 200 тонна болатын жабық су айналым қондырғыларында және шарбақтарда жылы су сүйгіш тиляпия мен африкандық жайын балығын өсіру жобасын да қолға алып жатырмыз

250-ге тарта жергілікті тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпорын фермерлер мен шаруаларға балық өсіру саласының қыр-сырын үйретуден бастап тауарлы балықты сатуды ұйымдастыруды ұғындыруда.  Айта кетейік, 10-ға тарта түрлі балық шабақтарын қолдан өсіріп отырған кәсіпорын балықтарды қоректендіруге қажетті жемді Польша елінен алдырады екен. Шекара асып келетін жемнің құрамында балықты түрлі ауру-сырқаудан сақтайтын және өсіп-жетілуіне қажетті барлық минералдар бар дейді мамандар.

Нұрболат Серманизов - «Хамит» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі басшысының орынбасары

Осылайша ерекше істі қолға алған Шардара ауданында қыркүйек айының 24-і күні Үкімет басшысы Асқар Маминнің қатысуымен республикалық семинар-кеңес өтеді деп күтілуде. Кеңесте балық шаруашылығын дамыту, заңсыз балық аулаушылармен күресудің жолдары секілді мәселелер талқыланатын болады.

К. Дүйсенбі          

 

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...