ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Шардарада шитті мақтаны алғаш болып, тиімді тәсілмен егуде

13:35, 21 сәуір 2017

Биыл Шардара ауданының диқандары шитті мақта егу ісін облысымызда алғашқылардың бірі болып бастады. Белсенділер қатарында «Иіржар-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Қожалық бес жылдан бері шитті мақта егудің жаңа технологиялық тәсілін пайдалана отырып, тың серпінмен еңбек етіп келеді

Аудандағы Жаушықұм ауылының еңбеккерлері өткен жылы 240 гектарға мақта егіп, әр гектарынан 51 центнерден өнім алған болатын. Биыл тамшылатып суару әдісін енгізе отырып, егіс алқабы көлемін 300 гектарға жеткізу көзделуде.

СЕРІК МАХАНБЕТОВ  -  ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа технологиялық әдіс арқылы өте дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп, жетіледі. Тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей дерлік ашылып, өнім көрсеткіші екі есе артатын көрінеді. Бұл тиімді тұқым себу тәсілін «Мырзакент» холдингі бірінші болып бастап, өзгелерге үлгі көрсетті.

САЛДАР ЖАМАЛОВ - «МЫРЗАКЕНТ» ХОЛДИНГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Жаңа инновациялық жүйемен шитті мақта егу тәсілінің тиімділігіне көзі жеткен шаруалар осы әдіске жаппай көшпекші. Бұл агросалаға соны серпін беріп, өнім көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.  

СЕНБЕК Құттыбайұлы                                           

Тақырып бойынша материалдар

Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
18:04, 17 қазан 2017
Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
Толығырақ...
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі алған әсерімен бөлісті
17:55, 17 қазан 2017
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі ал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...