ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ШАРТТЫ ТҮРДЕ СОТТЫ БОЛҒАНДАР АРАСЫНДА ФУТБОЛ ЛИГАСЫ

16:59, 15 наурыз 2019

Шымкент қаласында қоғамнан оқшаулаусыз сотты болғандар арасында футбол лигасы өтті. «Жаңа өмір» жобасы аясында өткен сайысқа пробация қызметінде есепте тұрған жастар қатысты. Басты мақсат – жастардың қайтадан қылмысқа баруына жол бермей, салауатты өмірге бейімдеу. Бұл шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайластыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мұрындық болды. ​

  Жастарды бөле жармай  барлығына бірдей көңіл бөлу керек. Бұл – бүгінгі ойынның негізгі міндеті. «Шымыр болуға жастарды баулу адамды тұлға ретінде қалыптастырады және өз әрекеттеріне жауапкершілік сезімін тудырады»,-дейді ұйымдастырушылар.

 Нұрдаулет Тәңірберген - Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығының" басшысы

Шымкент қаласының отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасы мен дене шынықтыру спорт басқармасымен бірлесіп өткізудеміз. Іс-шараның басты мақсаты- білесіздер елбасы 2019 жылды жастар жылы деп жариялаған. басты қатысушылар өзінің жазасын алып шыққан және сырттай сотталған жастар.  

 Шымкент қаласында оқшаулаусыз сотты болған азаматтардың жалпы саны – 1434. Ал қоғамнан шеттетіліп қалған жастар үлесі 8 пайызды құрайды. Әдетте мұндай жастардың күнделікті өмірге бейімделуі қиын. Жаңылыс басқан жасөспірімдердің бұқаралық спортпен басын біріктіріп оң бағыт беруге болады. 

Оралбек Жүсіпбеков - Шымкент қалалық пробация бөлімінің өкілі

Келешекте бұдан да басқа ойындар жалғасын табады. бұнымен ғана шектеліп қоймай, іс-шаралар жоспарымызда бар. Волейбол, арқан тартыс, гир көтеру деген. алдағы уақытта куәсі боласыздар. ойыншыларға сәттілік!

Жарысқа қала аудандарынан барлығы 44 жасөспірім қатысты. Әр аудан бір командадан жасақталып, өзара кіл мықтыны анықтады. Сайыс соңында жеңімпаз топтар марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. 

А.Ізтай                                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
20:21, 24 мамыр 2019
ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – ЕЛ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ҚАЛҚАНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...