ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ШАЯН – ШЫРАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ

18:24, 20 қыркүйек 2019

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдың ажары арта түсуде. Атап айтқанда, көшелер кеңейтіліп, оның қиылыстарына сандық бағдаршамдар орнатылды. Сонымен қатар, жекеменшік құрылыс нысандарының да қасбеттері ретке келтіріліп, сәулет сәнін арттыруда. Тақырыпты Шаянға барып қайтқан тілшіміз Мұхтар Атабек тарқатады.

Аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесі                                                                                          нде көше бойындағы жиектер  жаңартылып, су ағатын арықтар қойылды. Ең бастысы, көше қиылыстарына бағдаршамдар орнатылып, жол қауіпсіздігі барынша сейіліп отыр.

Мұхтар Атабек – тілші

(Көше қиылыстарына қойылған бұл бағдаршамдар жол  қауіпсіздіген реттеумен қатар,  көшелерге көрік беріп тұрғаны да анық.  Бұған  тұрғындар өте риза..)

Сағымбай Жұманов  - Шаян ауылының  тұрғыны

(Бұрын  көше қиылыстарынан кезек күткіміз келмей бірінші боп өтуге ұмтылатын едік. Енді бәрі реттеліп келеді. Бәріміз де заңға бағынуымы керек. Әсіресе, жастар арасында тәртіп орнап қалды...)

Сондай-ақ,  елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді.  Соның нәтижесінде аудан орталығына  көптеген гүлзарлар көрік беріп тұр. Автокөліктерге арналған тұрақтар пайда болды.

Мейрамкүл Дүйсебаева Шаян ауылының  тұрғыны

(Мен осы жердің қарт тұрғынымын. Ауылымыздың бар тіршіліг көз алдымда... Қазір  ауылымыз сондай көркейіп келеді.. Осыны істеп жатқан  азаматтарға рахмет!  Ел басшыларына рахмет.. Көщелер көркейіп келедәі. Жүріп – тұруға қолайлы боп қалды...)

Сонымен қатар, аудан әкімдігі тарапынан көтерілген мәселеге орай жеке меншік кәсіп иелері өз меншігіндегі  құрылыс нысандарының қас беттерін ретке келтіруді де қолға алған. Өз кезегінде мұның бәрі ауыл – елдің  ажарлана түсуіне сеп болары анық.

 М. Атабек                                             

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...