ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ШӘКІРТТЕР БІЛІМДЕРІН БАЙЫТЫП, АЗАМАТТАРЫН ТАНЫДЫ

12:42, 13 мамыр 2019

Созақ ауданындағы, Қаратау ауылы да елімізге танымал талай- талай тарландардың шыққан жері. Жерлестерінің есімін ұлықтап, даңқын арттыруда ауылдағы Панфилов атындағы мектеп ұжымы тындырымды тірліктер атқарып келеді. Олар «Туған жер» және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары аясында түрлі шаралар да өткізуде. Сондай шаралардың бірі ретінде аталмыш мектепте математика пәні бойынша аудандық олимпиада өтті. Оған өз біліміне сенген 10- сынып оқушылары қатысты.

Олимпиадаға  келгендер  алдымен елдің айтулы азаматы Тасқынбек Ашықбеков атындағы атаулы сыныптың ашылу салтанатына қатысты. Олай болатын да жөні бар. Өйткені,  Тасқынбек Ашықбеков аймақтың өсіп – өркендеуі мен елдің әлеуметтік дамуына зор үлес қосқан азамат.   Сондықтан оның есімі математика сыныбына беріліп, суреті    мектептегі «Зиялы қауым тақтасына да ілінді. 

Қабыл Еспенбетов- Созақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Әрбір ардагерді  құрметтеу парызымыз... Ал әрбір ұжым үшін ол үлкен тәрбие.Сондай –ақ ол   ұжымға бедел әпереді...

Ал бүгінгі өткізіліп отырған олимпиаданың да жөні бөлек. Мұндағы  мақсат- оқушылардың ғылыми- теориялық білім деңгейін анықтау. Сондай –ақ,  оқушылардың    шығармашылық белсенділігінмен қатар,  математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру,- дейді сайысты ұйымдастырушылар.

Нұралы  Айдаров – Созақ аудандық білім бөлімінің басшысы

Шыны керек, үздіктерді анықтау өте қиын болды. Қатысушылардың бәрі білікті, бәрі білімді...

 Білімді ұрпақ қашанда ел болашағы, ертеңгі ерен істердің кепілі. Осыған ден қойып, білімге ұмтылған  шәкірттер бұл байқауда  өз біліктіліктерін барынша көрсетуге тырысты.  

 Гүлдана Ташмұрат -  оқушы

Бұл олимпиада болашаққа деген үмітті оятты. Алға жетеледі. Келешекте осы  пәнге басымдық беріп, соның шыңына шығуға мақсат етемін...

  Бүгінгі білім сайысы  жоғары деңгейде ұйымдастырылды деуге болады.  Өйткені,    оқушылар  бұл шарада тек білім жарыстырып ғана қойған жоқ, сонымен қатар елдің айтулы азаматтарын да танып,  көңіл көкжиектерін де кеңейтті. Байқауда үздіктер марапатталып, шара соңы спорттық жарыстарға ұласты

   М. Атабек                                              

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...