ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ШЕРХАН МҰРТАЗА ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ

13:24, 10 қазан 2018

Халық жазушысы, Қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы Шерхан Мұртаза 86 -ға қараған жасында өмірден өтті. Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Шерхан Мұртаза 1955 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.  "Лениншіл жас" газетінің   "Жазушы" баспасының, "Жалын" альманахының, "Жұлдыз" журналының бас редакторы,  "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы қызметін атқарды.  Қазақстан Жазушылар одағы басқармасын хатшысы болды.  1989-1992 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы, 1992–1994 жылдары Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болып жұмыс істеді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған. Жазушы ретінде шығармалары көпшілікке таныс.   Оның шығармалары КСРО халықтары мен шетел тілдеріне аударылған.  "Қара маржан" романы үшін 1978 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алған.  Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстанның Халық жазушысы. "Құрмет белгісі", "Отан" ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Байдулла Қонысбек – Қазақстанның Құрметті Журналисі

Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ         

 

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...