ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ШЕТЕЛДІК БАҚ ӨКІЛДЕРІ - ШЫМКЕНТТЕ

13:06, 16 тамыз 2019

Шымкентке шетелдік журналистер келді! Олар шахардың мәдени жерлерін аралап, өздеріне ақпарат жинады. Аталған ақпараттық тур "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Шетелдік журналистер арасында Қазақстанға бірнеше рет келгендері бар. Ал басым бөлігі Шымкентке алғаш келіп тұр. Жолдан келген шаршауын Арбаттағы кешкі серуен басқандай. Әріптестер өзара әсерлерімен бөлісті. Киян Ли - Global Times қытайлық  газеттің тілшісі. Бұл Қытай үкіметінің көзқарасы бойынша халықаралық мәселелерге баса назар аударатын басылым.

KBS (Korean Broadcasting System) қоғамдық телерадиокомпаниясынан келген қос қызметкердің Шымкентке алғаш келуі. Олар Қазақстанға жасаған сапары жайында арнайы репортаж дайындап, өз мемлекетінде көрсететін болады.

Суен Ким – журналист (Корея)

- Біз Түркістан қаласында да болдық. Инфраструктура шамалы дамыса, жалпы бұл өңірде туризм де жақсы дамиды. Қазақстанға жасаған саяхат бізге қатты ұнады.

Шетелдік қонақтар арасында Аустрия, Германия және Қытай, Италия мен Кореядан келген журналистер бар. Олар бұған дейін Түркістан қаласында болып тарихи жерлерді аралаған болатын. Жалпы, Қазақстанның жүргізіп отырған саясаты халықаралық деңгейде жақсы бағаланады.

Бүгінгі шара "Жаһандағы замануи қазақстандық мәдениет" жобасы аясында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Шымкент қаласы туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Ал, журналистердің ақпараттық туры кешкі қаланы аралаумен жалғасты.

Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ                                      

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...