ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА

16:34, 16 тамыз 2019

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Арыстан Баб және Отырартөбе қалашықтары келешекте туристер мыңдап келетін орынға айналады. Себебі, аталған жайлар шетелдіктер үшін өте қызықты. 13 мемлекеттен өңірімізге арнайы атбасын бұрған журналистердің ортақ ойы осы. Айтып өтейік еуропаның 13 елінен бір топ қалам иелері елімізге бір аптаға келген болатын. Олар алдымен Алматыда болып өткен екі күн бойы облысымыздағы тарихи орындарды аралады.

Швециялық Петрдің тұран даласына алғаш келуі. Бұған дейін бұл өлке туралы тек ғаламтордан ғана оқып білген ол осы сапардың өзіне қатты әсер еткенін айтады. Кешелі бері тұран даласындағы тарихи орындарды аралаған журналисті біздегі көне жәдігерлерді қаз қалпында сақтап болашаққа жеткізу жолындағы тірліктер қызықтырған.

Петр Иохонсан – журналист /Швеция/

Мен осында келетін кезде Түркістан туралы көп ақпарат таба алмадым.Кейін біздегі Қазақстан елшілігі арқылы қажетті мәліметтер алдым. Маған бұл өлке өте қатты ұнады. Енді елге барған соң Түркістан, Отырар қалалары туралы материал жариялайтын боламын.

Өткен жылы, Германиядан Қазақстанға 30 мыңнан астам турист келген. Қолда бар мәліметке сүйенсек, ол жақтан келген туристерді негізінен тарихи орындар көбірек қызықтыратын көрінеді. Себебі, елге келген германиялықтардың дені көп уақытын біздегі көне жәдігерлерді көруге жұмсаған. Осы жолы шетелдік әріптестірімен Түркістанға келген Уорс Уолдровта cолай етті.

Уорс Уолдров – журналист /Германия/

Мен бірінші рет келіп отырмын. Мұндағы тарихи орындар мені өте қатты қызықтырды. Бұйыртса келешекте отбасыммен міндетті түрде келетін боламын. Себебі, мұндағы жәдігерлердің тарихы мен үшін қызық.

 Түркістанда түризмді дамыту үшін әуе тасымалын жақсы жолға қою керек. Әсіресе, еуропа елдерімен қатынастың жақсы болғаны жөн. Мәселен, қазір мұнда келгісі келгендер екі-үш рет көлік ауыстырады. Өз кезегінде ол қонақтар үшін қолайсыз. Сондықтан тарихи орындарға бай өңірде халықаралық әуежайдың болғаны жақсы. Облыстағы тарихи орындарды аралап оның кереметін сезінген индиялық журналистің ойы осы.

Амир Джаби – «CNN18»телеарнасының бас продюсері /Индия/

Мен бұған дейін Шығыс Азия елдерінде болғанмын. Қазақстанға алғаш рет келіп отырмын. Маған Түркістан облысындағы тарихи жерлер ұнады. Менімше бұл орындар өзге туристер үшінде қызық. Олардың да келгісі келеді. Сол үшін Бұл аймақпен еурорпа елдерін байланыстыратын әуе қатынасы болу керек деп ойлаймын. Егер солай болса мұнда шетелдік туристер көптеп келетін болады.

 Айтып өтейік, 1 апталық сапармен Қазақстанға келген шетелдік журналистер Тұран даласына жасаған екі күндік сапарлары кезінде ордабасы, Отырар аудандарымен Түркістан қаласындағы тарихи орындарды аралады. Енді олар өз сапарларын ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласында қорытындылайды.

М. ЖАРЫЛҚАСЫН                                                               


 

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
11:23, 25 ақпан 2020
ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – БҮГІНГІ КҮН ТАЛАБЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:21, 24 ақпан 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...