ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

«ШИК» САЛОНЫ ЖҰМЫСТЫ ҚЫЗДЫРЫП ТҰР

19:25, 7 шілде 2020

Күн сайын COVID-19 дертіне шалдыққандар қатары артсада сақтыққа селсоқ қарайтындар бар. Каронавирустан қорғанудың орнына кафе аралап қауіпті күшейткен шымкенттіктер жетірлік. Мұндай олқылықтар Еңбекші ауданында құрылған мобильдік топ жүргізген рейд барысында анықталды.

Қаладағы спа салондардың жұмысына карантинге байланысты  тиым салынған. Десек те әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдайдын «ШИК» салоны жұмысты қыздырып тұр.  Өткен сенбіде жүргізген рейд кезінде мобильдік топ  осы орталыққа арнайы барды. Тұтынушыға қызмет көрсететін қыз-келіншектердің барлығы салонда  жүр. Алайда  олар жұмысты тоқтатқанбыз –деп ақталады.

Бекет батыр көшесінің бойындағы спа салон көрші қолаңныңда ығырын шығарған екен. Түні бойы кісі аяғы үзілмейтін орталықтан у шу басылмайды – дейді көршілері. Карантин кезінде жұмыс істеген салон иесі жауапқа да тартылған. Десекте үйреншікті кәсіпті қайта жалғастырып отыр. 

Оразкүл Мұхаметжанова – қала тұрғыны

Вот түніменен шум-гам. Постаянно осындай. Мен бірнеше рет жалоба жасап жүрмін. Тиылмайды бұлар. Осыған бірдеңе қылыңыздаршы.

Рейд барысында мобильдік топ мүшелері Еңбекші полиция басқармасының қызметкерлері белсенділік танытты. Жасырын кәсіп жүргізгендердің ісін әшкерелеуге өз үлестерін қосты.  Сыртқы есікті тарс жауып ұрлықы есіктен кісі кіргізетін қоғамдық тамақтану орындарының  бірі Шығыс мөлтекауданындағы Жеңіс кафесі. Көпқабатты үйдің бірінші қабатында  орналасқан орталық карантин кезіне қарамай жұмысты қыздырып тұр. Бұл кафенің иесіде бұған дейін карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылған екен. Ауру қалсада әдет қалмайтыны секілді сақтық шаралары мен карантин тәртібін аяқ асты етіп отыр.

Шымкентте каронавирус жұқтырғандар саны  3594 адамға жетті. Одан 717 жазылып  19 науқас  қайтыс болды. Ал пневманияға шылдығып көз жұмғандар қатары күн санап артып келеді.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...