ШҰҒЫЛ! ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ ДӘРІ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ШӨКЕЕВ ӘКІМ ЕСЕБІНЕ ЕСКЕРТУСІЗ БАРДЫ

17:36, 10 ақпан 2020

Өмірзақ Шөкеев Сарыағаш ауданы әкімінің есептік жиынына ескертусіз барды. Күтпеген кездесуге куә болған тұрғындардың кейбірі ұсыныс-пікірлерін Өмірзақ Естайұлының өзіне тапсырды.Мұхит Отаршиев облыс әкіміне Сарыағаш ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы толықтай баяндап берді.

Сарыағаш ауданында 2020 жылы 30 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып, бюджеттің кіріс бөлігі 102,7%-ға орындалған. Ауылшаруашылығы өнімінің көлемін 2020 жылы 80 млрд теңгеге жеткізу жоспарлануда. Аудандағы шағын несие ұйымдары тарапынан барлығы 5057 адамға 4,7 млрд теңге көлемінде несиелер беріліп, нәтижесінде 6340 жұмыс орны ашылған. 2019 жылы ауданға 38,8 млрд теңгенің инвестициясы тартылған», - деді халыққа есеп берген Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиев. Сондай-ақ, «Қамқорлық» акциясына ерекше көңіл  бөлініп, көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өтті.

Мұхит Отаршиев – Сарыағаш ауданының әкімі

Шекаралы аудан әкімінің жұмысымен таныс болған аймақ басшысы әкімдердің бұқараға барынша жақын екенін нақты іспен көрсету керектігін атап өтті. "Биылғы жылдық есеп беру жиындары ерекше үлгіде өтіп жатыр. Әкімдер қордаланған мәселелердің түйінін тарқатып, ел алдында есеп беруде. «Сан, цифрдан көрі орындалған жұмыстар жайлы ашық, бүкпесіз әңгіме айтылуы тиіс – деді, жиынды қорытындылаған Өмірзақ Шөкеев.

М. Жорабай                                                                                           

 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
19:50, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫ ТАНУ- ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚЫ ЖАҢҒЫРТУ
Толығырақ...
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
18:34, 10 тамыз 2020
АБАЙДЫҢ ҚАРА СӨЗІМЕН ҚАНАТТАНҒАН АУЫЛ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:33, 10 тамыз 2020
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар