ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ШӨКЕЕВ ҰСТАЗДАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

18:44, 4 қазан 2019

Қазан айының алғашқы жексенбісі елімізде ұлағатты ұстаздардың төл мерекесі. Осыған орай бүгін Түркістанда облыс әкімінің қатысуымен мерекелік жиын өтті. Салтанатты шараға ардагер ұстаздар мен мектептің тірегіне айналған мұғалімдер қатысты. Жиында өңірдің білім беру саласының жай-күйі талқыланып, жақсы жетістікке жеткендер құрмет биігінен көрінді.

Бүгінгі ән. Би. Тілек... бәрі ұстаздарға арналды. Статистикаға сүйенсек, өңірде 60 мыңдай педагок кадр бар. Бүгінгі шараға солардың 400-і арнайы шақыртылған. Олардың барлығы жақсы жетістікке жетіп, білім биігін бағындырғандар. Шара кезінде шәкірт оқытуда жақсы көрсеткішке қол жеткізгендердің бірі құрмет грамотасымен марапатталып, енді бірі алғыс арқалады.Айгүл Мамасейітқызының бала оқытып жүргеніне ширек ғасырдан асты. Осы уақыт аралығында ол талай шәкірт тәрбиелеп, дұрыс жол сілтеді. Сонымен қатар өзі де ізденіп, білімін жетілдірді. Соның арқасында биыл елдің үздік педагогы атанды.

Айгүл Рүстемова - №49 Ш. Уалиханов атындағы ЖОМ мұғалімі /Сайрам ауданы/   Республикалық байқау жыл үздігі ол біздер үшін өте үлкен қуаныш болып отыр. Ол жай ғана мектептің ғана емес облыстық Республика алдындағы деңгейін көрсетеді. Әрбір ұстаз өзінің еңбегін көрсету үшін жақсылап жұмыс істесе оның еңбегі әрқашан еленіп ескеріледі.

Мыңнан астам мектебі бар өңірімізде білім саласына қатысты мәселе көп. Соның бірі мектеп тапшылығы. Сол түйінді тарқату үшін қазір өңірде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өңір басшысының айтуынша алдағы уақытта мектеп оқушыларын бейімділігіне қарай, тәрбиелеу ісі қолға алынады. Ол үшін облыста спорт, музыка мектептерімен дарынды балаларға арналған бірнеше білім ошағы бой тіктейді.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Дарынды балаларды анықтап, әдістемелік жұмыстарды жүргізіп отыратын Дарын ғылыми әдістемелік орталық ашылады. Оқушылардың мәдени дамуына жағдай жасау өздерін жаңа бағдарлау бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында Түркістан қаласында 2020 жылы оқушылар сарайы ашылайын деп жатыр. Тек оқушылар сарайы ғана емес бірнеше спорт мектептері ашылады.

 Қазір мұғалім мәртебесін көтеру үшін елімізде арнайы заң қабылдануда. Егер сол заң күшіне енсе мұғалім мәртебесі асқақтайды. Сонымен қатар жауапкершілікте артатын болады. --
Максут Айтжанов

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...