ШҰҒЫЛ! БІЗ ПАРА БЕРМЕЙМІЗ! Толығырақ

ШҰБАРСУДАҒЫ ЖАРЫҚ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

16:40, 29 қараша 2019

Шұбарсулық ағайын сапалы электр энергиясына қол жеткізді. Ол үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, 32 трансформатор жаңадан қойылған. Ауылда ауыз судың жайы да оң шешімін тапқан.

Шұбарсу ауылының жер көлемі 1752 гектарды құрайды. 30 мыңға жуық  халқы болса, оның 3 мыңы тек жаз мезгілінде саяжайына демалуға келіп-кетушілер екен. Ауылда мектеп жасындағы 9860 оқушы бар. 5 жалпы орта, 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді.Ауылдағы бала санының артуына байланысты білім ұясының тапшылығын шешу мақсатында былтыр 600 орындық мектеп салынып, ел игілігіне берілген.

Нәлібай Байбеков–«Достық» жалпы орта мектебінің директоры
- Республикалық бюджеттен 849 млн тенге бөлініп, 600 орындық метеп 2018 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.  Қазіргі таңда 1269 оқушы және тәрбиеленушілер оқып жатыр. Жалпыға міндетті білім қоры есебінен аз қамтамасыз етілген 130 оқушыға ыстық тамақпен қамтылған.

Шұбарсу ауылы 2000 жылға дейін Шымкент қаласына қарасты саяжай ретінде тіркелген-ді. Одан кейінгі бес жылда Шұбар ауылдық округіне қараған. 2005 жылы дербес ауыл ретінде тіркелді. Қазір Ордабасы ауданындағы ең ірі елді мекендердің бірі. Шымкент қаласына жақын орналасқандықтан халық саны да күн санап артып келеді. Сондықтан инфрақұрылымды жетілдіру кезек күттірмес мәселе, дейді билік өкілдері.

Әнуаржан Тұрсынбаев – Шұбарсу ауылдық округінің әкімі

-Жалпы облыстық бюджет тарапынан 799 млн бөлініп, соған 2800 абонентті сапалы электр энергиясымен қамтылып жатыр. Негізінде ауыл көлемі үлкен болғандықтан, екі кезеңге бөлген болатынбыз. 01:29-

Елімізде ауыл аймақтарды дамыту мен көркейтуге ерекше көңіл бөліпі отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда Шұбарсудың әлеуеті жоғары. Оған қоса кентте ата жұртқа қоныс аударған қандастарымыз көбірек жайғасқан. 1528 отбасыға атаулы әлеуметтік жәрдемақы тағайындалған.Сондай-ақ ауылда  мемлекеттік бағдарламалар есебінен жеке кәсібін ашып, ісін өрге домалатушы азаматтар саны да артып отыр.

Р.Бақытжанқызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
13:11, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...
13:10, 10 желтоқсан 2019
ВОЛЕЙБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...