ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ШЫҒЫНДАР ҚАЛАЙ ӨТЕЛЕДІ?

20:52, 14 мамыр 2020

Сардоба су қоймасының жарылу салдарынан Мақтааралдағы ауыл шаруашылығы саласына келген зиян көлкөсір. Күнкөрісіне айналған үй жануарлары мен егін алқаптарынан айырылған ағайынның ойында мың сауал. Суға батқан малдары мен су астында қалған егіндік жерлері үшін алаңдаулы. Тасқын судың зардабын тартқандарға шығын қалай өтеледі?

Мақталы алқаптағы ағайынның басым көпшілігі егінмен күн көретіні белгілі. Енді ғана жетіліп пісіп тұрған өнімдері су астында қалғандықтан олар табыс көзін жоғалтып отыр. Бірі, соңғы ақшасын сарп етсе, бірі несие де алған. Алайда, жауапты мамандар барлық шығынның өтелетіндігін айтады.
Нұрбек Бадырақов -   Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Ал, мал-құстары суға батқандардың шығынын өтеу басталып кеткен. Ол үшін қордан 32 миллион теңге бөлінген. Ең алдымен, мал сырғалары бар, вакцинациясы енгізілген, бірдейлендіру базасында тіркелген мал иелеріне өтемақы төленеді. Ал, заңға сәйкес тиісті талаптарды орындамаған тұрғындар бұл төлемнен қағылады.
Нұрбек Бадырақов -   Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Бүгінде жалпы ауданда 1000-ға жуық өлексе өртелген. Оның 700-ден астамы көршілес Өзбекстаннан тасқын сумен ағып келгені белгілі болды.
Перизат Ортай                                                                    

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...