ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

«SHYMKENT BUILD-2018» ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

17:28, 13 наурыз 2018

«Shymkent build-2018». Облысымызда осындай атаумен құрылыс және интерьер көрмесі өтті. Ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұйытқы болған шараға 300-ден астам тауар өндіруші қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шет елден келген қонақтарды көрменің ашылуымен құттықтап, кәсіпкерлердің жұмысына табыс тіледі.

Саттар Есімбеков-тілші

Соңғы 15 жылда құрылыс қарқын алған түстік өңір үшін бұл көрменің маңызы ерекше. Бүгінгі көрмеге қатысушы қонақтардың 50%-ы шет келген келген кәсіпкерлер. Қалғаны жергілікті тауар өндірушілер. Солардың бірі -«Ekam Stone» компаниясы ұлттық кәсіпкерлік палатасының қолдауымен 4 түрлі өнімін нарыққа шығарды. Мәселен мына иілгіш клинкер 8 күндегі процестік циклде дайындалады. Мамандар 12 түрлі шикізаттық қоспа қосу арқылы сапасына баса көңіл бөледі.

Гүлнәр Жолдыбаева «Ekam Stone» серіктестігінің табысын еселеу үшін 3 жылдан бері тынбай еңбек етуде. Жаяу жүргіншілер жолына арналған құрылыс материалдары 25 жылға төтеп береді. Тауардың сапасы мен сыртқы пішіні дизайнерлердің кәсіби көзқарасына негізделген. Тұтынушылардың талғамына сай келеді.

Гүлнәр Жолдыбаева - «Ekam Stone» компаниясының директоры

Біз өнімді өндіру барысында неміс технологиясын пайдаланамыз. Себебі Еуропа еліндегі жаяужол тастары ұзақ жылға жарайды. Ал бізде 5 жыл өтпей қайта төсеуді қажет етеді. Осындай олқылықтың алдын-алу үшін біздің өнім-таптырмас тауар болып есептеледі.

Көрменің басты қонақтары Өзбекстан мен Ресейден келді. Көрші ел кәсіпкерлеріне аймақ басшысы арнайы құрмет көрсетіп, тәжірибе алмасудың маңыздылығын екшеді. Бизнес белсенділігі жоғары елдің 3-ші қаласындағы құрылыс қарқынын бағамдады. Бұл сектор 428 гектарды қамтитын «Shimkent City» жаңа ауданын абаттандыруға серпін береді,-деді.

Айта кетейік, тауар өндірушілер көрмеге пенополистиролдан жасалған зер, су эмульсиясы, әліпмай мен гипс-қатырма сынды бірнеше отандық өнімдерін ұсынды. Сондай-ақ, құбырларды біріктіргіш бөлшектер мен қазандық жабдықтары да келушілердің сұранысын арттырды. Жансейіт Түймебаев кәсіпкерлерді шартарап тәжірибесін қолдану арқылы  шымшаһарды көркейтуге шақырды.

C. Есімбеков 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКИЯЛЫҚ  КОМПАНИЯ  200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
17:37, 21 қыркүйек 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...