ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНА QAZAQ AIR-ДЫҢ ЖАҢА BOMBARDIER Q400 ҰШАҒЫ ҚОНДЫ

12:44, 13 мамыр 2019

QAZAQ AIR әуекомпаниясының Bombardier Q400 NextGen жаңа ұшағы Шымкентке қонды. Алғашқы рейс мегаполиске Алматыдан жетті. Бұл әуе кемесі 2017 жылы тапсырыс берілген екі лайнердің бірі. Ұшақты Шымкент әуежайы ерекше құрметпен қарсы алды.

Оңтүстік Астанадан жеткен жаңа ұшақ Qazaq Air компаниясының аймақ аралық әуе байланыстарының қолжетімділігін арттырып отыр. Bombardier Q400 NextGen – жолаушылар салонында шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, жүк салатын кең сөрелер мен жарық жүйесімен жабдықталған жаңа ғасырдың заманауи әуе лайнері.

 Әділбек Өмiрәлиев – «Qazaq Air» компаниясының қаржы жөніндегі директоры

Біздің басты мақсатымыз — қауіпсіздікті күшейту, қолжетімділік және өңіраралық қарым-қатынасты жақсарту. Бұл Алматыдан жеткен ұшақ үздік экономикалық көрсеткіштерді көрсетіп отыр. Жолаушылардың қауіпсіздігі — біздің негізгі басымдықтарымыздың бірі. Елдегі ең жаңа ұшақтар біздің компанияға тиесілі. Тағы бір айта кетерлігі — біздің пилоттар, инженерлер еуропалық стандарттар бойынша әрдайым білімін жетілдіріп отырады.

Қазақстанның оңтүстік астанасы мен үшінші мегаполисті байланыстыратын жаңа рейс аптасына 10 рет ұшатын болады. Ұзақтығы 1 сағат 10 минут болатын рейстің ұшу құны барлық төлемдерді қоса есептегенде 14 мың теңгеден басталады. Канадалық Bombardier компаниясының Q400 әуе кемесі турбовинтті, сыйымдылығы 78 орын. Qazaq Air компаниясы жаңа ұшағының алғашқы рейсті Шымкент қаласына жасағаны – мегаполис мәртебесін арттырып отыр.

Қайрат Нұртай – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Қаламыз дамып келе жатыр. Қазіргі таңда әуежайда жаңа терминал салынуда. Яғни, келесі жылдан бастап рейстерді қазіргіден 4-5 есе көбірек қабылдауға мүмкіндік болады

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 11 сәуірде Торонто қаласында QAZAQ AIR авиакомпаниясының жаңа ұшағы салтанатты түрде тапсырылған болатын. Компания басшылығының айтуынша, тапсырыс берілген екінші ұшақ маусым айының басында әкелінуі тиіс.
П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...