ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТА «АШЫҚ ЕСІК» КҮНІ ӨТТІ

16:06, 12 ақпан 2019

Соңғы жылдары елімізде онкологиялық аурулар саны артуда. Ауруды ерте сатысында анықтау мақсатында Шымкент қалалық онкологиялық орталығы «ашық есік» күнін өткізді.

Қазақстан бойынша онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында тұр. Жыл сайын республикада жаңа 4000-ға жуық сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдер тіркеледі. Бұл аурудан елімізде жылына 1400-ге дейін адам қайтыс болады. Өлім жағдайын азайтып, науқасқа дер кезінде көмек көрсетудің бірден бір жолы - ерте диагностикалау, - дейді мамандар. Ауруды ерте сатысында анықтау емнің оң нәтижесі мен науқастың сауығып кетуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ, медицина саласындағы шығындарды үнемдеудің бірден-бір жолы. Осы мақсатта елімізде белгілі жастағы азаматшаларға жылда скринингтік тексеру жұмыстары жүргізіледі.  «Дүниежүзілік қатерлі ісікпен күрес» күніне орай Шымкент қалалық онкологиялық орталығы сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатысында анықтау мақсатында «ашық есік»  күнін өткізді. Бұл күні тегін тексерістен өткен 94 әйелдің 2-інен сүт безі қатерлі ісігі анықталды. Енді оларды диспансерлік есепке тіркеп, дәрігерлер назарында ұстайтын болады.

Болат Дауренов – емхана меңгерушісі

Мақсаты – онкологиялық науқастарды алғашқы сатыларында анықтау. Себебі, бұл онкологиялық аурурлар, бір жаманы, бірден белгі бермейді көп жағдайда. Ал белгі берген кезде ендігі 3-4 сатыға өтіп кетеді. Халықтың онкологиялық аурулар жөнінде, түсінігі аз. Рак десе, өлім деп түсінеді. Олай емес, қазір 21-ғасыр. Медицина дамып жатыр. Дер кезінде ем көрсету керек.

П.Ортай

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
13:25, 25 маусым 2019
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙМЕН КҮРЕС ҮЗДІКСІЗ ЖҮРУДЕ
Толығырақ...
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
12:16, 25 маусым 2019
ТҰРҒЫНДАР ТОЛЫҚ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК  ҚОЛДАУ  ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
11:56, 20 маусым 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІП ТҰР
Толығырақ...