ШҰҒЫЛ! САЯЖАЙДА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӨСІМДІКТІ ӨСІРГЕН ТҰРҒЫН ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2023 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

13:01, 10 шілде 2019

Шымкент дамудың даңғыл жолына түсті. Бұл ақпарат Үкімет отырысында «Шымкент қаласын дамытудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарын» талқылау барысында расталды. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қаланы одан әрі дамыту мақсатында инвестициялық және экспорттық әлеуетті арттыру қажеттігін атап өтті. Шымкент қаласын дамыту жоспарын жүзеге асыру инвестициялар көлемін бес жылда 1 трлн теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, көлік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға қатысты келесі жылы әуежайдың және жолаушылар терминалының құрылысы, теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары аяқталуы тиіс. Тұрғын үй құрылысын дамытуды жалғастыру қажет. Осы ретте тұрғын үй құрылысын халықаралық стандарттар бойынша жүргізетін инвесторлардың тәжірибесін пайдалану керек. Тек «Шымкент Сити» жобасын іске асыру нәтижесінде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынады. Осыған орай Ұлттық экономика министрлігіне «Шымкент Сити» арнайы экономикалық аймақты құру жөніндегі ұсынысын қарастыруды тапсырамын», - деді Премьер-Министр. «ТМД басшыларының шешімімен Шымкент қаласы 2020 жылы мәдени астана болып жарияланды. Бұл мәртебе қаланың одан әрі дамуына серпін береді. Осы ретте қала әкімдігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірге тиімді шаралар жоспарын дайындауды жүктеймін», - деді ол. Үкімет отырысының соңында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 2023 жылға дейін шаһарды дамытудың кешенді жоспарын бекітіп алды.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ДИЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛУДА
15:16, 9 шілде 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРГЕ ДИЗИНФЕКЦИЯ ЖАСАЛУДА
Толығырақ...
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА
15:13, 9 шілде 2020
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ НАЗАРДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...