ШҰҒЫЛ! ЕСКІ КӨЛІГІҢІЗДІ ӨТКІЗДІҢІЗ БЕ? Толығырақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

18:32, 30 қыркүйек 2020

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Сумен кездесті. Тараптар Қазақстан-Корея ынтымақтастығы мәселелері мен сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамыту жайын талқылады.

Екі елдің арасында сауда-экономикалық саласында іскерлік қарым-қатынастың орнағанын айтқан қала басшысы Шымкент қаласының шетелдік инвесторлар үшін қолайлы аймаққа айналғанына тоқталды. Мұрат Әйтенов миллионнан астам халқы бар қаланың дамуы үшін шетелдік инвесторларды тарту маңызды екенін айтты.  Қазақстан экономикасына ең көп инвестиция құятын 5 ел болса, соның бірі Оңтүстік Корея болып табылатынын жеткізді. Сондай-ақ, әкім кореялық бизнесмендерді қаладағы құрылыс, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу және медицина салаларына инвестиция құюға шақырды.Өз кезегінде Ким Хынг Су Шымкент қаласымен кез келген салада бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізіп, қалаға келудің негізгі себебі екі ел арасындағы байланысты одан әрі нығайту деді. Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта мәдени-танымдық жұмыстарды жандандыруға уағдаласты.

 

Тақырып бойынша материалдар

ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
19:03, 22 қазан 2020
ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕКТОРЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
18:49, 22 қазан 2020
СУРЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
13:41, 16 қазан 2020
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ
Толығырақ...