ШҰҒЫЛ! ТЕМІР ЖОЛҒА ЖАТЫП АЛҒАН ҚЫЗ ҚҰТҚАРЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

12:35, 26 наурыз 2020

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеме жасады. Шаһар басшысы бүгінгі күні атқарылып жатқан қауіпсіздік шаралардың негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Әсіресе, көпшілікті алаңдатқан азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты. Қаланы толық карантинге жабуға негіз жоқ. Қауіпсіздік үнемі назарда екенін жеткізді.

Қала аумағында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен алгоритмге сәйкес жұмыстар атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында кіреберіс жол қақпаларына 12 санитарлық бекеттер қойылды. Онда шаһарға кіретін азаматтар денсаулығын тексеруден өткізеді. Бұған дейін, теміржол вокзалы мен әуежай дасанитарлық бақылауға алынған болатын. Қаладағы базарларда, сауда орталықтарында, автобустар мен қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстар күніне 2 рет жүргізілуде.  Азаматтарға бетпердемен жүру міндеттелді. Маскаммен қамтамасыз ету үшін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесе күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігілуде.

Мұрат Әйтенов - Шымкент қаласының әкімі

"Ордабасы" индустриалды аймағындағы кәсіпорын күніне 4 тонна залалсыздандыру өнімдерін шығаруда. Қауіпсіздік мақсатында қала аумағындағы оқу орындарының барлығы демалысқа шығып, қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Ал, 26 наурыздан бастап балабақшалардың барлығы жұмысын шектейді. Сонымен қатар, қаладағы тойханалар, ойын-сауық орындары толығымен тоқтатылып, сауда орталықтары мен мейрамханалар кестеге сәкес қызмет етеді.

Мұрат Әйтенов - Шымкент қаласының әкімі

Қаладағы автобекеттердің жұмысы толығымен тоқтатылды. Төтенше жағдай жариялануына байланысты бүгінгі күнде қоғамдық көліктер бағытының 25 пайызы уақытша қысқартылды. 170 орындық инфекциялық стационар құрылды. Бұдан басқа, 680 орындық провизорлы және 1500-ге жуық карантиндік стационар дайындалды. Бүгінгі таңда, медицина қызметкерлері жұмысына қажетті құрал-жабдықтар мен дәрілер толығымен жеткілікті. Азық-түлік түрінің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін 3 млрд теңгеге жуыққаржы қаралды.  Өкінішке орай, Шымкентте короновирус індетін жұқтырған 2 азамат тіркелді. Қазіргі уақытта олар Шымкент қаласының жұқпалы аурулар ауруханасында оқшауланып, ем қабылдауда.

Д.Өмірзақова                                                       

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...