ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР АРМАНЫ АҚИҚАТҚА АЙНАЛДЫ Толығырақ

«ШЫМКЕНТ» КАНАЛЫНДА ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

20:35, 16 сәуір 2018

Шатқалдағы шаруадан бөлек, «Шымкент» каналында да жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Еңбекші ауданындағы шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысып, «Шымкент» су арнасының маңайын қоқыстан тазалау жұмыстарына атсалысты.

Аймақ басшысы «Кез-келген жұмысты тазалық пен ұқыптылықтан бастау керек. Қазір қаламызды көріктендіріп, шырайын арттыру үшін мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар істеліп жатыр. Яғни, қомақты қаражат пен қажырлы еңбек жұмсалды» деген сөз. Сондықтан қоршаған ортаны аялап, қастерлеп өту - азаматтық борышымыз. Кейбіреулер бүтін тұрған жарықшамдар мен орындықтарды бүлдіріп кетіп жатады. Мәдениеті дамыған елдерде мұндай нәрсе жоқ. Олар қоқысты бейпіл шашпайды. Арнайы жәшіктерге салып отырады. Қаламызға жанашырлықпен қарайық», – деді Жансейіт Түймебаев. Сенбілік кезінде Шымкент су арнасының 750 метр жері құрылыс материал қалдықтарынан және түрлі қоқыстан тазартылды. 1000-нан астам ағаштың түбі ақталды. Жалпы, тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Өңір басшысы бұл күні қаладағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды да аралады. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКИЯЛЫҚ  КОМПАНИЯ  200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
17:37, 21 қыркүйек 2018
ТҮРКИЯЛЫҚ КОМПАНИЯ 200 ГЕКТАР АУМАҚҚА ЖЫЛЫЖАЙ САЛМАҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
18:17, 18 қыркүйек 2018
ПРОФЕССОР Д. САБЫРХАНОВ ДҮНИЕДЕН ОЗДЫ
Толығырақ...
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:20, 19 қыркүйек 2018
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
 «MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
14:10, 17 қыркүйек 2018
«MEGA MI» ОҚЫТУ-ДАМЫТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...