ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

«ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІНДЕ» - ЖАҢА БАСШЫ

13:26, 13 тамыз 2019

Бүгін қалалық баспасөз қызметінде кадрлық ауыс-түйіс орын алды. 27 жылдық тарихы бар «Шымкент келбеті», «Панарома Шымкента» редакциясына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің шешімімен бұл лауазымға Бақтияр Тайжан лайықты деп танылды.

Директорды ұжымға қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Бектаева таныстырды. Өз кезегінде білікті басшының іскерлік қабілетіне жоғары баға берді. Бақтияр Тайжан түскей жұртына бейтаныс емес. Ол   Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің аймақтағы тілшісі, облыстық  «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметін атқарған. Кейін бас басылым «Егемен қазақстанның» Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болды. Ұжым қызметкерлері мен журналисттер жаңа басшының қарым-қабілетін жоғары бағалап, ісіне сәттілік тіледі. Айтып өтейік, «Шымкент» ақпарат орталығы ЖШС-нің меншігінде екі газет бар. Онда ұзын-ырғасы 50-ге тарта маман еңбек етіп отыр.

Уәли Қыдыров – «Оңтүстік» телеарнасының директоры

 

П.Биназарқызы  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...