ШҰҒЫЛ! ӘКЕЛЕРГЕ АЙТЫҢЫЗ! Толығырақ

ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІ ЖӨНДЕЛЕДІ

17:58, 7 маусым 2019

Биыл Шымкент қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына бюджеттен 8 млн. теңге қаржы бөлінді. Мегаполис шаһардың көшелері ретке келіп, жаяу жүргіншілер жолы да салынып жатыр. Ал, қоғамдық көлік мәселесі қашан да өзекті. Бүгін журналистерге баспасөз мәжілісін өткізген қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы осы және өзге де мәселелерді мәлімдеді.

 Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаевтың айтуынша, қазір шаһардағы бірқатар көшелерде  жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағытқа бөлінген 8 млн. теңгенің 2 млн-ы республикалық, 6 млн-ы жергілікті бюджеттен. Бүгінде 564 көше, 1 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі мен  5 көпірдің құрылысы жүріп жатыр.

Қуатжан Жұматаев – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 300 АВТОБУС ӘКЕЛІНЕДІ

Жиында журналистер үшінші мегаполистегі шұрық-тесік жолдарды сынға алып, сала басшыларына сауал жолдады. Сондай-ақ, жыры бітпейтін жолаушы тасымалдаушы колмпаниялардың қызмет сапасы да назардан тыс қалмады. Жалпы Шымкентте 27 көлік компаниясы бар. Олар 1 155 көлік құралымен 80 бағытта жолаушы тасымалдайды. Жыл соңына дейін қалаға жаңа 300 автобус әкелінбек.

Қуатжан Жұматаев – Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы

 САЙЛАУ КҮНІ АВТОБУСТАР ТЕГІН ЖҮРЕДІ 

 Брифингте бұдан өзге автобус кондукторларының жұмыс істеу мәдениеті де сөз болды. Аялдамада айқайға басатын олар үшін арнайы заң жоқ. Дей тұрғанмен, 2017 жылы 22 кондуктор әдеп сақтамағаны үшін жұмыстан қуылыпты. Айтпақшы, жолаушы тасымалдаушы компаниялар 9-маусымда болатын сайлауда халықты тегін тасымалдауға бекініп отыр. Бұл – өз кезегінде сала қызметкерлерінің саяси науқанның ойдағыдай өтуіне қосқан үлесі болмақ.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
19:00, 12 қараша 2019
АГРО ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...