ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ

11:36, 10 желтоқсан 2019

Беларусь Республикасының Брест қаласында шымкенттіктер ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын ресми түрде қабылдады. Салтанатты жиын «Брест –2019 жылғы мəдени астана» іс-шарасының жабылу салтанатымен қатар өрбіді.

Достық пен өзара ынтымақтастықты өрістеткен жиынға 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін иеленген Шымкент қаласынан арнайы өкілдер қатысты. Шымшаһардың мерейін асырған мәртебелі іс-шараға үшінші мегаполистің делегациясын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастап барды. Мерекелік іс-шара шеңберінде Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева, сондай-ақ фототілшілер қаламыздың туристік және тарихи-мәдени әлеуетін таныстырды.Жиын аясында ТМД Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының отырысы өтіп, онда Брест қаласында Достастықтың мәдени астанасы ретінде атқарылған жұмыстары сараланып, оның қорытындысы талқыланды. БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз жиындары ұйымдастырылып, қонақтар «Брест қорғаны» мемориалдық кешеніне барып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.Бұдан соң Брест академиялық драма театрында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасының» қорытынды жабылу салтанаты өтті. Мерекелік концертке ТМД елдерінің үздік өнерпаздары қатысты.Ал халықаралық «Достастық дебюттері» премиясының лауреаттары қонақ ретінде шақырылды. Салтанатты шара Брест қалалық атқарушы комитеті төрағасының делегаттарды арнайы қабылдауымен аяқталды.

 Қайрат Нұртай – Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары

Келер жылы Шымкент өзінің 2200 жылдық тойын тойламақ ниетте. Соның қарсаңында бүгінгі мынау эстафета бізге қуаныш сыйлап отыр. Біздің шаһар – шұрайлы мекен. баршаңызды осы кереметті көруге шақырамын. Әлеуметтік-экономикалық бағыттағы бірқатар жобаларымыз бар. Сондықтан алдағы уақытта Беларусь елімен байланысымыз арта түсеріне сенімдіміз.

П.Биназарқызы 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...