ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

ШЫМКЕНТ – «ТЫҢДАУШЫ» ӘКІМДІККЕ АЙНАЛУЫ ТИІС!

19:13, 17 шілде 2019

Кейде менің тапсырмам орындалмай, ұмытылып кетеді. Ал, қарапайым халықтың талап-тілегін қаншалықты ескересіздер, білмедім! Осылай деген қала әкімі «Шымкент тыңдай білетін әкімдік»,- болуы тиіс деп, аппаратты барынша ашық форматта жұмыс істеуге шақырды. Мәслихаттың кезектен тыс 52 сессия отырысында Ғабидолла Әбдірахымов өзіне жүктелген міндеттердің орындалуы жайында депутаттар алдында есебін де берді.

Сессияның күн тәртібіндегі үш мәселе бұған дейін тұрақты комиссия мен фракция отырысында қаралған. Сол себепті, қала әкімі ретінде өзіне жүктелген міндеттердің орындалу барысы мен 6 айлық жұмысына тоқталды. Осы уақытта Жалпы Ішкі Өнім көлемі 2 пайызға, өнеркәсіп - 25 пайызға, орташа айлық жалақы 12 пайызға артыпты.Тек жұмыссыздық көлемі өзгеріссіз 5,1 пайызда қалған. Биылғы қала бюджеті 219 млрд теңгені құраған. Жарты жылдықта ауыз толтырып айтарлық жобалар іске асты. Соның бірі- муниципалды автопарк.

Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі  

-1000 автобус алу үшін келісімге отырдық. Оның 300-і келді. 700 тағы да келеді. Қалада 1100 автобус болатын еді. Сонымен қаланы толықтай жаңаладық. Жоба құны 100 млн АҚШ долларын құрады.

 Қазір қалада  6345 пәтерлі 129 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Азаматтар санаты мен кезегіне қарай баспанамен қамтылып жатыр. Тек, көңілге кірбің ұялатқан мәселе атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны бірден екі есеге артқан. Әдейі  ажырасып, жағдайы бола тұра жәрдемақығы телміргендер көбейген. 

 Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі  

-Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 33 мың отбасыға жеткен. Шамамен 9 млрд теңге төленген. Учаскелік комиссия қатағ жұмыс істеп отыр. Себебі, әлеуметтік көмекті әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар алуы тиіс.

Шымкентке қоныс аударушылар саны артқан. Соңғы 4 айда 80 мың адам қалаға тіркеліпті. 6-7 жылда қала халқының  саны 2 млн-ға жетеді деген болжам бар. Демек, сала мамандары осынша халыққа су, жарық сынды коммуналдық жүйелерді тартуы тиіс.

Ғани Ташқараев – Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы

- шаhарда кәсіпкерлікті дамытуда көп жұмыстар атқарылды. Әсіресе, инвестиция тарту оңай шаруа емес. Онымен келісу бар. Барлық салада өсу бар. 

Гүлнәр Құрманбекова – Шымкент қаласы мәслихатының депутаты

- Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында түрік компаниясы Шымкент жедел медициналық жәрдем станциясын жаңғырту жобасы аясында 100 жедел медициналық жәрдем көлігі алынбақ.Бұл өте үлкен көмек. Жедел жәрдем қызметінің сапасы артады.

Сессия соңында депутаттар қала әкімінің алты айда атқарған жұмысына оң баға беріп, есепті қабылдады.

Р. Бақытжанқызы                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
16:14, 4 тамыз 2020
50 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ КОМПЬЮТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...