ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ

12:21, 20 наурыз 2019

Маман тәрбиелеуде алдыңғы саптан табылатын Шымкент университеті ұлттық мейрамды еркше атап өтті. Университеттегі ұлық тойға шетелден келген ғалымдар қатысып қазақтың дәстүр-салтына қанықты.

 Шымкент университетінің студенттері келген меймандарды тік тұрып қарсы алды, наурыз той деп жар салды. Фольклорлық оркестр шақыртылып, қазақша әндер білім шырқалып, нақыл сөздер тыңдалып ұлық мереке мейілінше дәріптелді. Мейрамның алдында білім ордасы халықаралық жиын ұйымдастырған болатын. Ғылыми конференцияның соңы салтанатқа ұласты. 

 Нұрлыбек Сейітқұлов – Шымкент университетінің ректоры

Сол үлкен конференциядан кейін біздің бас ғимаратта Наурыз мейрамына ұластырып жатырмыз. Шет елден келген еліміздің өзге өңірлерінен келген меймандарға қазақ қалқы ұлық санайтын мерекені көрсетіп жатырмыз.

 Ұлттық мейрамда салт-дәстүр қалыс қалмады. Киіз үй тігіліп қыз-жігіттер ән салып балалар асыр салып асық ойнады. Палуандар күш сынасып қазақша күрес насихатталды. Шетелдік меймандар түркі жұртының жаңа жыл мерекесін тамашалап ерекше толқыды.

Али Тахмазов - Plagiat.pl компаниясының атқарушы директоры

 Бұл керемет сәт. Өте әдемі ұлттық киімде жүрген жұртшылықты көріп таң тамаша болдым. Ұлттық дәмдеріңізде ұнады. Ұлттық ойындардыда тамашаладым. Қазақтың дәстурі тамырын тереңнен алады. Мынандай тамаша күнде келгеніме қуанып тұрмын.

Шымкент университеті тамырын терең тартқан білім ордасы. Білім ордасында 4 мыңға жуық шәкірт тәлім алады. Шетелдік озық оқу орындарымен  тығыз қарым-қатынас орнатқан университет болашақ мамандардың біліктілігіне мән береді.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...